Қысқатолқынды пештер тағам құнарлығын жояды

Ғалымдар қысқатолқынды пеш ішінде болған тағамдар қан тамыр, жүрек, ішек ауруларын шақырып, сондай-ақ мидың жұмысын нашарлатып және зат алмасу процесін баяулатады деген қорытынды жасап отыр.  

Әр қысқатолқынды пештің ішінде аса қуатты магнетрон атты сәуле шашқыш болады. Ол іске қосылған кезде интенсивті электромагнитті өріс арқасында тағам құрамындағы молекулалар қозғалысқа түсіп, қызып және жарылады.  

Зерттеушілер тағам дайындаудағы бұл тәсілдің зияндылығына байланысты оны "ас ішіндегі атомды соғыс" деп атап отыр. Олардың сөзінше, қызу мен жарылыс процесі, сондай-ақ қысқатолқынды пештегі агрессивті электромагниттік сәуленің кесірінен тағам өз құнарлығының 98%-ын жоғалтады екен.  

Қатты жасушалы талшықтардан бөлек, барлық элементтерді жоятын микрожарылыстар әсерінен тағам "өлі" күйге айналып, барлық құнарлығынан айырылады. Сондықтан ғалымдар тағамды қарапайым пештерде ғана ысытуға кеңес береді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: woman-project.com