Жаз аяқталып, күз жақындаған сайын құтыларға салаттарды жабатын мезгіл де басталады. Жаз бойы жаңа піскен жемістер мен көкөністерге тойсақ, енді олардан түрлі тағам дайындап, қысқа қамданатын кез жетті.
1. Қияр мен қышадан(горчица) жасалған салат
Құрамы:
• 2 кг қияр;
• 250 г сәбіз;
• 2 сарымсақ;
• 125 г қант;
• 2 ас қасық қыша ұнтағы;
• 2 ас қасық тұз;
• 1 ас қасық ұнтақталған қара бұрыш
• 125 мл сұйық май;
• 125 мл сірке суы (9%).
Дайындалуы:
Қиярды дөңгелек пішінді етіп тураңыз да, үлкен табақшаға салыңыз. Сәбізді үккіштен өткізіп, сарымсақты уатып қиярдың үстіне салыңыз. Жақсылап арластырып, өзге құрамын қосыңыз. Араластырған соң, 3 сағатқа қойып қойыңыз. Бірнеше уақыттан соң көкөністердің шырыны шығады. Қияраларды таза құтыларға салып, бөлінген шырынын бетіне құйыңыз. 20 минут ыстық бу арқылы залалсыздандырыңыз. Кейін толық суығанын күтіңіз де, дұрыс жерге сақтап қойыңыз.
2. Қызанақ, сәбіз және болгар бұрышы қосылған салат
Құрамы:
• 1 ½ кг қызанақ;
• 4–5 сарымсақ;
• 1 ас қасық тұз;
• 150 г қант;
• 80–100 мл сірке суы (6%);
• 500 мл сұйық май;
• 2 кг сәбіз;
• 1 кг болгар бұрышы.
Дайындалуы:
Қызанақ пен сарымсақты ет тартқыштан өткізіңіз, оны үлкен табаққа салыңыз. Оған тұз, қант, сірке суы мен сұйық майды қосып, астына от жағыңыз. Тағамыңыз қайнаған кезде, ірі үккіштен өткізілген сәбіз бен ұсақ туралған болгар бұрышын қосыңыз. 50-60 минут бойына қайнатыңыз. Араластырып отыруды ұмытпаңыз. Таза құтыларға құйып, аузын бекітіп, сыртын орап тастаңыз. Сонымен қатар, төңкеріп қоюды ұмытпаңыз.
3. Асқабақ пен қызылша салаты
Құрамы:
• 4 кг асқабақ;
• 2 кг қызылша;
• 2 кг пияз;
• 400 г қант;
• 200 мл сұйық май;
• 85 г тұз;
• 200 мл сірке суы(9%);
• ½ шай қасық ұнтақталған қара бұрыш
Дайындалуы
Асқабақты тазартып, үлкен бөлігі арқылы үккіштен өткізіңіз. Қызылшаны да осы тәсіл арқылы ұсақтайсыз. Пиязды уақтап тураңыз. Барлық көкөністі табаққа салып, қант, сұйық май, мен тұзды салып қайнағанша біраз уақыт күтіңіз. Астындағы отты азайтып, 35 минут қайнатыңыз. Кейін сірке суын қосып, жақсылап араластырыңыз да, тағы да 5 минут қайнатыңыз. Дайын болған салатты залалсыздандырылған құтыларға салыңыз.