Күзгі тұрақсыз ауа райында сау әрі қуатты болып қалу үшін тамақтану қағидаларыңызды ретке келтіру керек. Күзгі рационның негізгі принциптерінің біріне ыстық сорпалар ішу жатады. Біріншіден, ыстық сорпа ағзаны жылытады және асқазан-ішек жолы жұмысын жақсартады. Екіншіден, тойымды ыстық сорпалар ағзаны энергиямен қамтамасыз етіп, күні бойына қуатты етеді. Сіз күнде не тамақ пісіремін деп қиналмас үшін дәмді, тойымды әрі құнарлы сорпалардың рецептілерін ұсынамыз.
1. Жүгері қосылған сорпа
Жүгері қосылған сорпа – өте пайдалы тағам. Жүгерінің құрамында B1, B2, PP дәрумендері және фосфор, мыс, темір элементтері бар. Жүгеріні тек салаттарға емес, сорпаға да қосуға болады. Кеспе қосылған сорпадан жалықсаңыз, ас мәзірін ерекшелеу үшін жүгері қосылған сорпа пісіріп көріңіз. Ол көп ингредиентті қажет етпейді. Оны дайындау жолын мына жерден оқи аласыз.
2. Құймақ қосылған сорпа
Бұл сорпа балаларға міндетті түрде ұнайды. Себебі оның құрамына кез келген бала жақсы көретін құймақ кіреді. Ерекше әрі дәмді бұл ыстық сорпаның дайындалу жолын мына мақаладан оқыңыз.
3. Жасымықтан жасалған крем-сорпа
Крем-сорпа дайындауға жасымықтың қызыл түрін таңдаған жөн. Себебі ол басқа түрлеріне қарағанда жылдамырақ піседі. Қызыл жасымық темір мен ақуызға бай. Асүйіңізде блендер болса, крем-сорпа пісіруге батыл кірісе беріңіз. Оның суреттермен көрсетілген рецептісін мына жерден көре аласыз.
4. Жылдам дайындалатын сорпа
Егер еттің суда 1-2 сағат қайнап піскенін күтетін уақытыңыз болмаса, фарштан жылдам пісетін сорпа дайындауға болады. Ол өте дәмді және күнделіктіден ерекшелеу тағам болады. Ендеше, оның рет-ретімен дайындалу жолын мына мақаладан оқыңыз.
5. Қышқылтым сорпа
Тамаққа тәбетті ашу үшін қышқылтым сорпа дайындауға болады. Бұл сорпадағы басты ингредиент – тұздалған қияр. Күннің салқындауымен көпшіліктің ащы немесе қышқыл тамаққа тәбеті ашылады. Егер отбасыңыз ащы корей салаттарын жиі сұрап жүргенін байқасаңыз, осы сорпаны пісіріп беріңіз.
6. Үзбе қамыр сорпасы
Үзбе қамыр сорпасы (галушки) – қамырды қайнап жатқан суға салып пісіретін тағамның бірі. Бұл сорпа балаларға да ересектерге де ұнайды. Бұл сорпаға салынатын қамырды дайындау үшін басқалардағыдай басуға немесе жаюға уақыт кетпейді. Оны қалай пісіру керегін мына жерден көре аласыз.
7. Балық сорпасы
Балық ағзаға пайдалы өнім. Балық сорпасын ішкіңіз келді, бірақ үйде балық жоқ. Ал базарда балықтың бағасы қымбат екені ешкімге құпия емес. Уайымдамаңыз, консервідегі балықтан да өте дәмді сорпа шығады. Оның үстіне, оның дайындалуына ұзақ уақыт та, күш те кетпейді.
8. Ірімшік сорпасы
Ірімшік сорпасы – оңай дайындалатын сорпаның бірі. Құрамына көп ингредиент қосылмаса да, ол өте тойымды болып шығады. Түрі сүт қосылғандай көрінгендіктен кішкентай балалар қуана ішіп алады. Оның рецептісін мына мақаладан көре аласыз.
9. Саңырауқұлақ сорпасы
Саңырауқұлақ – күздің маусымдық өнімі. Маусымдық өнімдерді уақытында жеу пайдалы екенін білеміз. Саңырауқұлақ қосылатын сорпалардың дайындалу жолдары өте көп. Оны дайындаудың қарапайым әдісін ұсынамыз.
10. Жасыл борщ
Қызылшадан дайындалатын көпшілік білетін борщтың адам ағзасына пайдасы мол. Сондай пайдалы сорпаның бірі – қымыздықтан (щавель) жасалатын жасыл борщ. Қымыздықтың жапырағында аскорбин қышқылы, В тобының дәрумендері, калий, кальций және магний болса, тамырында темір мөлшері көп. Осы пайдалы ингредиент қосылатын сорпаның дайындалу жолын мына мақаладан көре аласыз. Бұл тағам дайын болғаннан кейін біраз уақыт тұрса, түсі жасылға боялады.