- Негізгі бет
- Аспаздық
- Құймақ пісіруге арналған...
Құймақ пісіруге арналған табалар
Құймақ пісіргенде, әдетте, алғашқы құймақтар ойдағыдай шықпайды. Алайда тек алғашқылары ғана дұрыс шықпаса ештеңе етпейді. Егер құймақты қанша пісірсеңіз де табаға жабыса беретін болса, мәселе құймақты дайындаған мәзірде емес, табада болуы мүмкін.
Егер уйде тамақ пісіретін табаның бірнеше түрі болса, құймақ дайындауға таба түбі аз зақымдалған түрін таңдаңыз. Егер таба түбі зақымдалмаған тегіс болып келсе, оны әр құймақ пісіруде майлаудың қажеті болмайды. Себебі май құймақ мәзіріне қосылады.
Шойын таба
Шойын таба ауыр және қалың болады. Егер шойын табаны дұрыс қолдана білсе, құймақ дайындауға ұзақ қызмет етеді. Шойын табаға құймақ жабыспасын десеңіз табаны жаңа күйінде қыздыру процесін жасау керек. Ол үшін табаны алдымен жақсылап жуып, кептіріп, содан соң тасты тұзбен (тұз күлгін түске енгенше) қыздыру қажет. Содан соң тұзды алып тастап, табаның бетіне толықтай май жағып, бір сағат шамасында отта ұстау керек. Мұндай әдістің нәтижесінде табаның бетінде қорғаушы майлы қабықша түзіледі. Содан соң ғана табаға тағам әзірлеген жөн.
Шойын табаны арнайы сұйық құралдармен жууға болмайды. Себебі олар майлы қабықшаны кетіреді де, құймақ табаға жабысатын болады. Құймақ пісіруге арналған шойын табаны жай ыстық сумен шайып, құрғатып сүртсеңіз болғаны. Құймақ пісіруге арналған шойын табада тамақ сақтауға және сулы күйде қалдыруға болмайды.
Болат таба
Дүкеннен құймақ пісіретін таба таңдауда табаны қалың және жабыстырмайтын (антипригарный) қабықшасы бар түрін таңдаңыз. Болат табалар өте тиімді. Болат ұзақ қызмет етеді және азық-түлікпен химиялық реакцияға түспейді. Яғни, азық-түліктің дәміне ешқандай әсер етпейді.
Алюминий таба
Құймақ табаға жабыспас үшін сенімді тефлон немесе керамика қабаты бар заманауи алюминий таба таңдаған жөн. Бір табаны тек құймақ пісіру үшін қолданған дұрыс. Алюминий табалардың құйылған және қалыпталған түрлері болады. Табаны қалың болғандықтан, құймақ пісіруге құйылған түрін алған жақсы. Құйылған алюминий таба шойын таба секілді аса ауыр емес. Таба сызылып қалмас үшін піскен құймақты аларда металл қалақша, шанышқы немесе пышақ қолданбаған жөн, орнына арнайы ағаштан жасалған құрал қолданыңыз.
А. Жапатова