Қонақты ерекше әрі дәмді тағаммен таңғалдырғанды ұнатамыз. Тойымды және әдемі салаттың бірі құс ұясы салаты. Ендеше, оның жасалу жолын ұсынамыз. Қажетті азық-түліктер: - 3 жұмыртқаның қайнатылған ақуызы;- 200 гр қайнап пісірілген тауық еті;- 100 гр жүгері;- 200 гр тұздалған қияр;- 300 гр картоп;- Майонез;- Тұз және бұрыш. Бетіндегі жұмыртқаға қажетті азық-түліктер: - 500 гр ерітілген ірімшік;- 3 жұмыртқаның сарысы;- 1 ас қасық майонез;- 1 ас қасық туралған аскөк. Керекті қоспаларды ұзынша етіп турап, оған майонез, тұз және бұрыш араластырамыз. Оларды картоптан басқасын тәрелкеге саламыз. Картопты ұзын етіп турап майға қуырып аламыз да, дайын қоспаның бетіне қоямыз. Ірімшік, аскөк, жұмыртқаның сарысына майонез қосып араластырамыз. Домалақтап бетіне қоямыз. Астарыңыз дәмді болсын! anabol.kz