Құрма жемісінің құрамында көптеп кездесетін В1, В2 дәрумендері бауыр ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, ол қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек-қан тамырларына оң әсерін береді. Бұл жемістің жалпы адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп. Мысалы, құрмадан смузи жасап ішсеңіз, мидың жұмыс істеу қабілетін арттырасыз. Ендеше, құрмадан смузи жасап үйреніңіз.
Ол үшін сізге:
- бір апельсин;
- үш құрма;
- 2 см жанжабіл тамыры;
- жарты шай қасық даршын;
- жарты стақан су керек.
Дайындау жолы:
1. Құрманың сүйектерін алып, бөліктерге бөліңіз.
2. Апельсин қабығын ашыңыз.
3. Жемістерді және даршын мен жанжабілді блендерге (араластырғыш) салыңыз.
Дәмді де пайдалы смузи дайын. Ас болсын!