Кунг-фу сорпасы

Тіл үйірер Қытай мәзірінен дәм татқыңыз келсе, шетел асудың қажеті жоқ. Бұл сорпаны өз ас үйіңізде дайындай аласыз! 

Құрамы: 
- 1 л. су 
- 20 гр. дофу (корей тағамдарымен қосылып сатылады)
- 30 гр. қытай бұрышы (қызыл, жасыл) 
- 30 гр. вешенки саңырауқұлағы 
- 1 ас қасық томат тұздығы 
- 30 гр.қызанақ 
- 1 жұмыртқа 
- 1 себерлік қант, крахмал, кристалл тұздығы 
- 1 шай қасықтан қытай сірке суы, соя тұздығы, сұйық май 

Дайындалу әдісі:

Дофуды тілімдеп кесеміз. Қызанақты, қытай бұрышын, саңырауқұлақты жіңішкелеп тураймыз.

Қазанға су құйып, қайнай бергенде дофу, қызанақ, қытай бұрышын, саңырауқұлақты саламыз. Қант, кристалл, дәмдеуіш, крахмал, қытай сірке суы, соя тұздығын, сұйық май, томат тұздығын бөлек араластырып алып, сорпаға құямыз.

Сорпа бір бұрқ етіп қайнауы керек. Сорпаның үстінен езілген жұмыртқа құйылып 1 минут бойы қайта қайнату қажет.

Сорпамыз дайын! (Сорпаның жылдам дайындалуы – оттың қатты болуымен байланысты).

Дереккөз: comode.kz