Жаздың пайдалы әрі хош иісті бөлігін суық күндерге дейін сақтауға болады. Оны дұрыс мұздату үшін бірнеше қажетті кеңестер ұсынамыз. Ерітілген құлпынайды таза күйінде немесе пісірмеге, компотқа қолдануға болады. Құлпынайды мұздату алдында оны дұрыс таңдау маңызды рөл атқарады. Құлпынай аса пісіп кеткен емес, шамамен піскен болуы керек. Ол қатты және тығыз, сулы емес, құрғақ болғаны жөн. Жидекті қысқа сақтау үшін құлпынайды құрақ және ыстық күні жинауға кеңес береді. Жинау алдында бірнеше күн жаңбыр болмағаны жақсы. Мұздатуға құлпынайдың ұсақтарын алған дұрыс, олар жақсы ериді. Жидек мұздатуға пластикалық ыдыс және полиэтиленді пакет қолдануға болады. Ыдыс таза, иіссіз және құрғақ болуы керек. Жидектерді мұздату алдында жуу даулы сұрақ. Бірі жуылған жидек өз дәмін кетіріп алады десе, басқалары гигиена туралы ойлайды. Егер мұздатар алдында құлпынайды жуатын болсаңыз, оны жылдам істеу керек. Бастысы, құлпынай суды сіңіріп үлгермеу керек. Құлпынайды аз мөлшермен үлкен ыдыста жуып алыңыз. Бұл нәзік жидекті зақымдап алмас үшін жылдам, бірақ абайлап жуу керек. Жуылған құлпынайдың суы ағу үшін пластикалық елекке салған жөн, себебі жидек металмен жанасу кезінде қарайып кетуі мүмкін. Суы аққан соң олардың жеміссабағын алып тастаңыз. Құлпынай жақсылап кебу үшін майлықтың үстіне 1 сағатқа қалдырыңыз. Олар бір-біріне тимей тұрғаны жақсы. Осы айтылған ұсыныстарды орындаған соң, жидекті мұздатуға кірісуге болады. 1-әдіс. Жалпақ тәрелкеге немесе тақтайға полиэтиленді пакет кигізіңіз. Оның үстіне бір қабат етіп құлпынайды тізіп қойып шығыңыз. Содан соң оны мұздатқышқа бірнеше сағатқа қалдырыңыз. Одан кейін құлпынайды мұздатқыштан шығарып, тәрелкеден пакетті жидекпен бірге шешіңіз. Сол кезде құлпынай пакетке оралып тұрады. Оларды сол пакеттермен мұздатқышқа сақтайсыз. 2-әдіс. Құлпынайды қантпен бірге сақтауға болады. Ол үшін 1 кг құлпынайға 200 г қант ұнтағы қажет. Құлпынай еру кезінде көбінесе өз тәттілігін жоғалтады. Сол үшін оны қантпен бірге мұздатуға болады. Таза және кептірілген құлпынайды аспаздық пакетпен оралған тақтайға қойып, мұздатқышқа 1-2 сағатқа салыңыз. Содан соң жидектерді пакеттен алып, контейнерлерге салып, қабат бойынша қант ұнтағын себіңіз. Құлпынайы бар контейнерлерді 1 жылға дейін мұздатқышта сақтай аласыз. 3-әдіс. Құлпынайды пюре күйінде де мұздатқышта сақтауға болады. Ол үшін таза және құрғақ құлпынайды блендермен пюре етіп езіңіз. Оны пластикалық контейнерге құйып, тоңазытқышта сақтайсыз. Құлпынайға бірден қант себуге де болады. Ол кезде 1 кг жидекке 300 г қант деп есептейсіз.