Ол үшін сізге:
- 200 грамм сүт;
- 200 грамм қант;
- 20 грамм кілегей майы қажет.
Дайындау жолы:
1. Барлық ингредиенттерді кішкене кәстрөлге салып, араластырыңыз.
2. Баяу отқа қойып, қайнағанын күтіңіз.
3. Қайнай бастағанда отты арттырып, 10 минут тосыңыз. Қатты көпіршіктенеді.
4. 10 минут өткеннен кейін өте сұйық болады. Қорқып кетпеңіз, солай болуы керек.
5. Суыған соң қоюлана түседі.
6. Құтыға құйып, тоңазытқышқа салыңыз. Бірнеше сағаттан соң қойылтылған сүтіңіз де дайын болады. Ас болсын!