- Негізгі бет
- Аспаздық
- Консервіленген қиярдың қараю...
Консервіленген қиярдың қараю себебі
Суық мезгілде консервіленген қияр, қызанақ секілді көкөністер балғын көкөністі жоқтатпай, ең жақсы тіскебасар бола алады. Ал қиярды үйден консервілеп, банка бастырғанда түсі қарайып, өңі солғын тартап кететінін байқаймыз. Мұның себебі мен салдарын анықтап көрейік.
Консервіленген қияр тұздығы қошқылданып кетуінің басты себебі – оны даярлайтын ыдыстар дұрыс әзірленбеуі. Бұл келеңсіздікке жол бермес үшін, құтыны жылы сумен, көбікпен, арнайы тазарту құралдарымен жақсылап жуып, кептіру керек. Зарасыздандыру шарасы жеткіліксіз болған жағдайда да қияр қараюы мүмкін. Себебі консервілеу кезінде микробтар толық жойылмаса, артық газ бөледі.
Зиянды микробтардан құтылу үшін, құтыны жылы сумен бірнеше рет шайып, ішіне бу кіргізу керек. Қайнап тұрған шәйнектің қақпағын ашып, банканы үстіне төңкеріп 2-3 минут қоюға болады. Құтының қаңылтыр қақпағын да мұқият жуып, 3-5 минут қайнатып алған дұрыс. Барлығы тазаланған соң құтының қақпағын мықтап бекіту керек.
Осы шараның бәрін орындағанда да қияр қараятын болса, тұздықта сірке қышқылы аз болғаны. Қиярдың барлық түрі бірдей консервілеуге жарай бермейтінін де ескеру керек.
@. @assel_assanova