Көңіл-күйді көтеретін 5 тағам

Диетологтардың пайымдауынша, адамның жан дүниесінің  жағдайы, көңіл- күйінің қандай болуы 30%-ға оның қандай тағам жейтіндігіне тәуелді екен. Сондай-ақ олар адамның тәбетін ашып, көңілін сергітетін тағамдар бар екенін айтып өтті. Көңіл- күйіңіздің көтеріңкі болуы үшін төмендегі тағамдарды жиі жеп тұрғаныңыз жөн.

Бұл тізімнің көшін бастап тұрған шоколад деп ойладыңыз ба? Әрине, шоколад адамның ағзасында эндорфин, басқаша айтқанда "бақыт гормонын" бөледі. Бірақ, ол адамның көңілін көтере алады деген қате түсінік. Ғалымдардың зерттеуінше, шоколадты көп жейтін адамдар керісінше, қайғы-мұңға батуға құмар екен. Шоколадтың адам ағзасына әсері ішімдік не есірткі заттарындай уақытша болады екен. Өзіңізді шоколадпен қуантып, қайғыңызды бассаңыз болады, алайда, уақыт өте жағдайыңыз бұрынғыдан қиынырақ болар. Бұл шоколадтың құрамында теобромин, фенилетиламин және кофеин сынды ынталандырғыш заттардың бар екендігімен түсіндіріледі. Сондай-ақ, шоколадта мариухуананың құрамында бар канабиноид деген химиялық қосылыстар бар. 

Ал енді расында адам көңілін көтеріп, ағзаға жағымды әсер әкелетін тағамдар тізімімен таныс болыңыздар.

 Қызыл балық. Тек қана осы тағамда май ерітетін А, Д және Е витаминдернің жиыны бар. Сонымен қатар, қызыл балықта есеңгіреумен күресуге көмектесетін  омега-3 май қышқылдары бар.  



Банан. Бұл тропикалық жеміс қуану, масаттану, аяқ астынан пайда болған бақыт сезімін оятатын алкалойд харман құрамдас бөлігіне ие. Ал құрамындағы А, В дәрумендері және калий шаршауды басады. 

Бадам. Құрамында қорқыныш пен шаршаудан қорғайтын фоли қышқылы бар. Ал бұл жаңғақтағы рибофлавин және магний қуаныш гармонын синтездейді. 

Сыр. Мұның құрамында көңіл-күйді көтеретін тирамин, триптамин және фенилэтиламин аминқышқылдары бар. Сондай-ақ, оның құрамындағы В тобының дәрумендері - табиғи тыныштандырғыштар.    

Шемішке. Олардың құрамында біздің жүйкемізді қатайтатын В дәрумендер тобы бар. Сонымен қоса, шемішке құрамында  жыныстық құмарлықты оятатын мырыш бар.  

Суреттер: fittrends.ru, liveinternet.ru, ummahweb.net, hnb.com.ua, fudz.ru, kolyan.net.