- Негізгі бет
- Аспаздық
- Кондитерлік Рубик текшесі...
Кондитерлік Рубик текшесі
Суретте тұрған кондитерлік Рубик текшесін көріп, оны жасаған адам аспаз ба әлде суретші ме деген ойда қаласыз. Мынадай ұсақ жұмысты мінсіз етіп даярлау нағыз өнер болса керек. Алайда, ол мұражайда тұрған жоқ. Бұл тағамды Париждік Le Meurice қонақүйінің мейрамханасынан жей аласыз. Тюильри бағына қарама-қарсы орналасқан дәмханада Седрик Гроле есімді жас әрі талантты бас аспаз қызмет етеді. Ол өзінің тәтті ғана емес, сондай-ақ, тыс әдемі десерттерімен танымал.
Оның “туындыларының” қатарында алтын жаңғақтар, алмадан жасалған раушан-тарталеткалар, футуристистік меренгалар, түбін анық көруге болатын тұнық судай ғажайып торттар және т.б. Мұндай тәттілер туралы оқығаннан гөрі, өздеріңіз суреттерін көріңіз. Ал, дұрысы, Парижге жолыңыз түсіп жатса, дәмін татып көргенге не жетсін!
А. Оралқызы