Қонақтарды таңқалдыратын ас

Қай елдің тағамын жесек те, ішінде ет болса екен деп аңсаймыз. Ал пияз бен еттен жасалған ерекше астың дәмі тіл үйіріп қана қоймай, тойымдылығымен ерекшеленеді. Кезекті материалымызды оқу арқылы аталған етті тағамды үйде жасай аласыз.

 Оны дайындау үшін бізге:

- 3 бас пияз;

- 0,5 кг сиыр етінен жасалған фарш;

- ақжелкен;

- саңырауқұлақ;

- 1 ас қасық қант;

- 1 ас қасық кетчуп;

- 1 бөтелке барбекю тұздығы қажет. 

Дайындалуы:

1. Пешті 220 градусқа қыздырамыз.

2. Пиязды тазалап, оның төменгі және жоғарғы бөліктерін кесеміз. Артынша ортасынан бөліп, әр қабатының арасын ашамыз. Ал ең майда бөліктерін майдалап тураймыз.

3. Фарш, туралған пияз, саңырауқұлақ, ақжелкен, кетчуп, қантты бір ыдысқа салып, араластырамыз.

4. Араласқан азық-түліктерді дөңгелектеп, сыртын пияздың қабығымен ораймыз. 

5. Артынша пияздың сыртын ұзын етіп кесілген қара кесек етпен ораймыз. Пеште 40 минут пісіреміз. Кейін бетіне барбекю тұздығын құямыз. Осымен мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!