- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қонаққа ірімшік ұсыныңыз...
Қонаққа ірімшік ұсыныңыз
Біздің бүгінгі кеңестеріміз ірімшік сүйер қауымның құрметіне арналады. Қыз-келіншектер жиналып, әңгіме-дүкен құрғанда кездесудің сәнін келтіре түсетін үстелде міндетті түрде ірімшік құрамасы тұру керек. Ал оны қалай дұрыс толықтыруға болады?
Ең алдымен ең сапалы, ең таңдаулы деген ірімшіктердің түрімен таныс болыңыз:
- жаңа шығарылған ешкі немесе сиыр ірімшігі, сіздің таңдауыңыз ricotta-ға түседі деген сенімдеміз;
- бабына келген ешкі ірімшігіне Valencay немесе Clochette жарай береді;
- жартылай жұмсақ ірімшік үшін Taleggio немесе Langres қызмет етеді
- көгілдір ірімшікті қолға түсіргіңіз келсе Fourme d’Ambert қанағаттандыра алады;
- қатты ірімшік үшін P’tit Basque, Lord of the Hundreds, Grana Padano DOP-ты көріңіз.
- қосымшалар қосылған ірімшіктің(жаңғақ, мүкжидек, сәлбен) Idiazabal болуы әбден мүмкін.
Ірімшік тәрелкесін қалай безендіруге болады?
Ірімшікті үлкен ыдысқа салуға болады, алайда оны ағаш тақтауға немесе мәрмәр плиткаға безендіріп қойған дұрыс. Көзге бірінші тәрелкенің зерлері емес, ірімшік көрініп тұру қажет. Сондай-ақ, ірімшікті үлкен етіп кесіңіз, ұсақ ірімшік тез құрғап кетеді. Әрбір қонаққа 50 г. ірімшіктен есептеңіз.
Табақты немен толықтырамыз?
Құр ірімшік қойғыңыз келмесе төмендегі тағамдар ірімшіктің жанына сай келеді:
- құрғақ жемістер – жүзім, алхоры, қақ өрік;
- жаңғақтар – бадам, грек жаңғағы, кешью, орман жаңғағы;
- джем;
- жүзімнің түрлері;
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com