- Негізгі бет
- Аспаздық
- Көкөністерді қуыру, бұқтыру,...
Көкөністерді қуыру, бұқтыру, қайнату құпиялары
Көкөністерді қалай дұрыс қайнату керек?
Дәрумендерді сақтау үшін көкөністі қайнаған суға салу керек.
Көкөністерді жылдам қайнатып алған жөн.
Яғни қатты отқа қою керек. Осылайша сіз олардың пайдалы қасиеттерін көбірек сақтайсыз.
Бірдей пісуі үшін бірдей бөліктерге турап салу керек.
Оларды қайнатып жатқанда емес, әзірлеуге аз қалғанда тұз қосу керек.
Сорпа әзірлегенде бәрін бірден салмаңыз. Алдымен қатты көкөністерді (сәбіз, қызылша), содан кейін жұмсақтарын салыңыз.
Көкөністерді қалай дұрыс бұқтыру керек?
Көкөністерді бұқтырған кезде майды барынша аз қосу керек.
Көкөністерді тек эмальданған қазанда бұқтырады. Қақпағы қатты жабылуы тиіс. Бос қақпақтан оттегі еркін өтіп кетеді де, дәрумендер жоғалады.
Көкөністерді әзірлеп жатқан кездегі температура бірқалыпты болуы керек. Көкөніс бұқтырылып жатқан сұйықтық қатты қайнамауы тиіс.
Көкөністерді қалай дұрыс қуыру керек?
Көкөністерді табада қуырады.
Егер қуырғанда майды аз қоссаңыз көкөністерді кубиктеп, тілімдеп турау керек.
Табаға салардан бұрын тұздап алған дұрыс.