Нью-Йорк қаласының баристасы Майк Брич тіс тазартқышты бояу жаққыш ретінде қолдану арқылы бір шыны кофеге әдемі портреттер салады.
Қазіргі таңда Майк Брич кофеге сурет салудан ел арасында кеңінен танымал. Бірақ, осыдан бір жыл бұрын ғана ол қонақ үй асханасында қарапайым бариста (кофе дайындау маманы) болып жұмыс істейтін. Күндердің бірінде жұмыстан зеріккені сонша, бір нәрсеге алдану үшін кофе бетіне сурет салады. Тіс тазартқышты өзіне құрал етіп алған ол кофе мен сүт бетіндегі көбікті өзгерте алатынын түсінеді. Алғашында кофеге жүрек салып жүреді және көп ұзамай-ақ оның еңбегі адамдардың көңілінен шығады. Келген қонақтардың мақтауларынан шабыттанған Майк одан әрі жаттығып, қонжықтың, тіпті өз бастығының да суретін салуды үйренеді. Енді бүгін өзінің танымал адамдардың портретін дәл салып үйренбегенше, латтеде адам бейнесін сала алатынына мүлдем сенбегенін айтады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: hello-style.ru, kulturologia.ru, bugaga.ru