Дәмі тіл үйіретін хош иісті сусынның бірі - кофе. Бастауын Таяу шығыстан алатын өсімдік тропиктік аймақтардағы кофе ағашының тұқымы. Кофе ағашы егілген соң, алты жылдан кейін өнім бере бастайды. Бүгінде көпшілік адам кофе ішуді әдетке айналдырған.
Көп жағдайда кофені таңғы уақытта ұйқыашарға ішіп жатады. Алайда, ұлыбританиялық ғалымдар оны түскі уақытта да ішуге кеңес береді. Олардың айтуынша, адам ағзасы түс уақытында шаршап, әлсіздік сезініп, жұмысқа деген қабілет төмендейтін көрінеді. Дәл осы уақытта бір шыны кофе сіздің «екінші тынысыңызды» аша түсіп, жұмысқа деген қабілетіңізді арттырады екен.
Әлемдегі ең қою кофені білесіз бе? Ол – "Death Wish Coffee" кофесі. Бұл кофенің құрамында әдеттегі кофелерден екі есе көп кофейн бар. "Бұл – жай кофе емес, нағыз батыл адамдарға ғана арналған нағыз экстремалды кофе болып саналады" – дейді өндірушілер.
Кофе құрамындағы кофеин ағзадағы аденозинді азайтып, мидағы нейрондардың жұмысын ретке келтіріп, есте сақтау қабілеті мен еңбекке деген шапшаңдықты жақсартуға септігін тигізеді. Бұл жерде мына нәрсені есте сақтаңыз: күніне төрт шыны кофеден артық ішу адам денсаулығына зиян.
Кофе тек кофеин және антиоксиданттар ғана емес. Кофе дәніне бай қоректік заттардың көпшілігі сусынның ішінде қалады және денеге сіңеді.
Бір шыны кофе құрамында мыналар болады:
– В2 дәрумені;
– В5 дәрумені;
– Марганец және калий;
– В3 дәрумені және магний.
Бұл көзге өте аз көрінуі мүмкін, бірақ жоғарыда айтылғандай бұл тек 1 шыны үшін, ал көпшілігі тәулігіне 3-4 шыны ішеді.
Көптеген зерттеулершілер кофенің есте сақтау қабілетін жақсартып, көңіл-күйге әсер ететінін алға тартады. Сондықтан кофе сергектік пен ерекше күш-қуат сыйлайды. Сонымен бірге кофе жеңіл антидепрессант секілді, түрлі бас ауруының алдын алып, серотонин, дофомин, норадреналин қосады. Сонымен қатар депрессияның төмен мөлшерін көрсетеді. Егер өмірдің дәмін жоғалтсаңыз, бір шыны кофе сізді бақытты етуге көмектеседі. Кофе ішуді жиі әдетке айналдырыңыз!