Кофе және тарих

Дәмі тіл үйіретін, хош иісті сусынның бірі - кофе. Бастауын Таяу шығыстан алатын өсімдік тропиктік аймақтардағы кофе ағашының тұқымы. Кофе ағашы егілген соң, алты жылдан кейін өнім бере бастайды.

Әлемде кофенің сан мыңдаған түрі бар. Варашава кофесі, Шығыс кофесі, бразилиялық кофе және т.б. Оның негізгі түсі жасыл, тек қуырған соң қоңырқай тартады. Бұлардың сырт пішіні ұқсас болғанымен, дәмі өз алдына ерекше.

Кофе ағашының Арабика, Либерика, Экстельса, Рабуста деген 4 түрі бар. Күнделікті тұтынып жүрген кофеміз Арабика ағашының тұқымы. Кофені куырған кезде оның құрамында 2000-ға жуық химиялық зат түзіледі. Соның нәтижесінде кофенің беткі қабаты жылтырай түседі.

Фенч Пресс

Кофе дайындаудың бірнеше әдісі бар. Ең қарапайымы Фенч Пресс. Кофені арнайы ыдысқа әзірлейді. Ұнтақ күйіндегі кофе тез бұзылатындықтан оны жаңа ғана тартылған дәннен жасаған тиімді. Ұнтақты арнайы ыдысқа салып үстіне су құйып бұқтырамыз. Талғамыңызға сай сүт те қосуға болады. Бес минуттан соң кофе дайын.

Латте-арт

Бұл өнер латте-арт деп аталады. Латте-арт италиянша «сүтпен сурет саламын» деген мағынаны білдіреді. Бұл өнер мұқияттылық пен дәлдікті қажет етеді.

Кофенің адам психологиясына, ойлау жүйесіне тигізер пайдасы орасан.

Алайда жүйке жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары, ұйқысы шала адамдарға қою кофе ішуге болмайды. Сондай-ақ асқазаны ауыратындарға кофені мүлде ішпеген абзал. 

Кофе - жеңіл ас болып есептеледі. Қазіргі кезде кофе ішу қысқа ғана демалыс түрі мен сұхбаттасудың негізгі кілті.   

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: rogersfamilyco.com, foodwoow.com, futu.pl