Қиярды үй жағдайында тұздау

Қиярды үй жағдайында тұздау
Фото: rudaki.ru

Жаздың қамын қыс ойла демекші, қыста жейтін азық-түлігімізді бірнеше ай бұрын дайындап қою арқылы көп ақшамызды үнемдейміз. Әсіресе елімізге Ташкент өңірінен жаңа піскен қияр мен қызанақтар келіп жатқан кезде. Назарларыңызға қиярды үй жағдайында тұздау тәсілін ұсынамыз. 

Жасыл қиярды тазалап жуып, үстіне ыстық су құямыз. Артынша бірден суық суға саламыз. 2-3 сағатқа қалдырамыз. Қияр мен аскөк жапырағын, сарымсақ пен қара бұршақты ішіне саламыз. Үстіне суық ерітінді (1 л суға 50 г тұз) құямыз. 2 ас қасық арақ құйып, банкіні полиэтиленді қақпақпен жабамыз.

Банкідегі қиярды суық жерге қоямыз. Осылайша өзінің жасыл түсін сақтап қалады.

Құрамы:

- 2 келі қияр;

- 5 тал қара қарақат жапырағы;

- 5 тал шие жапырағы;

- 1 сарымсақ;

- 20 г ақжелкек;

- 8 қара бұрыш;

- 75 г тұз;

- 50 г арақ;

- 1,5 л су. 

Жоғарыдағы видеоның көмегімен тұздау "рәсімінің" қалай жүзеге асатынын көре аласыз. 

Қ. Бүйенбай