- Негізгі бет
- Аспаздық
- Кетчуп туралы ...
Кетчуп туралы
Алғашқы кетчуп немесе ke-tsiap Шығыста ойлап табылды. Ол тұзды балық, ұлу және дәмдеуіштерден жасалған ащы тұздық болды.
1700 жылдары ағылшын теңізшілері оны Малайзия елінде көріп, Англияға алып келген. Бірақ, тұздықтың ерекше компоненттерін табу қиынға соққандықтан, құрамы өзгертілді. Ағылшындар кетчуп құрамына жаңғақ, хамса балық, лимон, тіпті қызанақ секілді көп таралған ингредиенттердің хош иісін қолданады!
1792 жылы "Аспаздықтың жаңа өнері" атты кітап «Қызанақ кетчубы» деген рецепт жариялады. Алайда, оны жасау қиын болған. Тек 1876 жылы ғана Генри Дж. Хайнц аталған тұздықты сериялық түрде шығара бастады және бірден көпшіліктің көңілінен шықты.
Балалар ересектерге қарағанда кетчупті 50 пайызға көбірек жейді.
Бүгінгі кетчуптің құрамына қызанақ, уксус, жүгері суы, тұз, дәмдеуіш сондай-ақ, өсімдік қоспалары мен сарымсақ ұнтағы енген. Кетчуп құрамының 25 пайызы қанттан құралған!
Әлемдегі ең үлкен кетчуп бөтелкесі Коллинзвилл, Иллинойсте тіркелген. Ол 1949 жылы сукернеуіш мұнараға соғылған, биіктігі 58 метр.
Төрт ас қасық кетчуптің тамақ құнарлығы үлкен бір қызанақпен бірдей.
Пластикалық бөтелкелер алғаш рет 1980 жылы енгізілді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: cepizza.com.ua
Ж. FM