Таң ата таңғы ас әзірлеп, киім-кешегіңізді дайындап, жан ұшырып асығып жүргенде жұмысқа не сабаққа баратын уақыт та бола қалады. "Қыстың қамын жаз ойла" деген нақылдың таңғы асығыстыққа қатысы бар. Ертеңгісімен асығыс дайындалатын таңғы асты бір күн бұрын кешке әзірлеп қоюға болады. Сіздердің назарларыңызға оңай әрі ерте дайындалатын таңғы ас мәзірін ұсынамыз.
Шие қосылған тәтті
- ½ кесе сұлы қауызы (хлопья);
- ½ кесе йогурт (не айран);
- ½ кесе сүт;
- 2 ас қасық кокос ұнтағы;
- ¼ кесе тоңазытылған шие (сүйексіз);
- 1 ас қасық бал.
Бұл таңғы ас үстіне тек шие емес, басқа да жидек қоссаңыз болады. Таңғы асты дайындамас бұрын оларды тоңазытқышқа салып қою керек. Алдымен сұлы мен кокос ұнтағын араластырып аласыз. Кейін сүт пен йогуртты араластырыңыз. Пайда болған сұйықтықты сұлымен араластырып, бал қосыңыз. Кейін шиенің үштен екі бөлігін қосып араластырыңыз. Қалған шиені қоспаның бетіне қойып, үстіне кокос ұнтағын себіңіз
Апельсин және ваниль
- ½ кесе сұлы қауызы;
- ⅔ кесе апельсин шырыны;
- 1 ас қасық бал;
- бір уыс грек жаңғағы;
- апельсин;
- бір шөкім ванилин.
Сұлы қауызын, ванилинді және бір уыс грек жаңғағын бір ыдыста араластырыңыз. Екінші ыдысқа апельсин шырынын құйып, үстіне бал қосып араластырыңыз. Сұлы араласқан ыдысқа тәтті сұйықтықты құйыңыз. Дайын болған қоспаны шыны құтыларға бөліп салып, бетіне грек жаңғағын себіңіз де апельсин жұмсағын қойып шығыңыз.