Қазақстанда құрттың "классикалық" түрі сатылмақ

Қазақстанда құрттың "классикалық" түрі сатылмақ

Енді Семейде айына 10-15 тонна құрт шығаратын өндіріс іске қосылатын болады. Дәмі тіл үйіретін аталған жеңсік ас заманауи техникалық талаптарға сай шығарылады. Бұл туралы «Дастарқан LTD» ЖШС өндірістік лабораториясының меңгерушісі Гүлжан Көксаева хабарлады.

Гүлжан Көксаеваның сөзіне сенсек, компания құрты пастерленген сүттен, табиғи консервант - тұз қосып жасайды. Зауытқа әкелінетін шикі­заттың бүкіл сапалық көрсеткіштері ал­дымен тексеріледі екен. Содан соң барып қана дайын өнім вакуум орауышта шығарылады. Ал ол өз кезегінде өнімді алты ай сақтауға мүмкіндік береді. 

«Дастарқан LTD» компаниясы бо­ла­шақта құрттың бірнеше түрін шы­ғармақ, оның ішінде «классикалық», «сүрленген» және бұрыш пен жалбыз қосқан түрлері бар.

"Қазіргі таңда ұлт тағамы құрт­қа Қазақстанның басқа қалалары да қызығушылық танытып отыр. Болашақта шетелге де құрт шығару ойы­мызда бар",- дейді «Дастарқан LTD» ЖШС өндірістік лабора­то­рия­сы­ның меңгерушісі Гүлжан Көк­саева.
Сурет:aspazdik.wordpress.com

Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига