Бүгін біз сіздерге картоп пісірмесін ұсынғымыз келіп отыр. Ол оңай әрі тез дайындалатын тағамның түрі.
Оны дайындау үшін сізге:
900 г үккіштен өткен картофель;
тұз және бұрыш;
300 г дайын тауық сорпасы;
450 г қаймақ;
130 мл ерітілген сары май;
100 г кесілген пияз;
250 г ұнтақталған Чеддер ірімшігі керек.
Үккіштен өткен картопты отқа қойып, тұзын салыңыз. Ал бөлек тәрелкеге тауық сорпасы, қаймақ, ерітілген май және уақтап туралған жуаны араластырыңыз. Кейін барлық ингредиентті қосып, жақсылап араластыруды ұмытпаңыз. Дайын болған соң, пешке салып, 180 градус температурада 45-55 минут ұстасаңыз, картоп пісірмесі дайын болады. Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар.