Кәріс телехикаяларын көріп отырған кезде бойжеткендердің бет терісі таза, ал денесі сымбатты болып келетінін байқаймыз. Жұлдыздар мұның барлығы тек қажырлы еңбектің арқасы екенін айтады. Олардың көбі төмендегі диетаны ұстайды екен.
Кәріс диетасы – калориясы өте аз тағамдарды жеуді ұсынатын, қатаң тәртіпті талап ететін диета. Оны ұстау арқылы небәрі 2 аптаның ішінде 5-7 кг салмақтан арыла аласыз.
Кәріс диетасы зат алмасу процессін жақсартып, ішекті тазалайды. Ағзадағы қажетсіз заттарды сыртқа шығарып, ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартады. Ең бастысы, денсаулыққа еш зиянын тигізбейді.
Кәріс диетасының әсері күшті болғанын қаласаңыз, тәтті, ұнды, тұзды тағамдардан түбегейлі бас тартыңыз. Аптасына 3 рет таңертең 400 мл қайнаған су ішіңіз. Мұнымен қатар, аптасына бірнеше рет физикалық жаттығулар жасағаныңыз жөн.
Диетаны 14 күн ұстайды. Тұзсыз тағам жеуге қиналсаңыз, оны маринадталған көкөністерден жасалатын кимчи салатымен алмастыра аласыз. Яғни тамаққа тұз салмай, оны кимчимен бірге жеңіз.
Бір күнге арналған мәзір:
Таңғы ас: 2 жұмыртқа мен көк шөп. Кез келген табиғи шырынды лимон шырынымен араластырып ішіңіз.
Түскі ас: пісірілген ақ балық, өсімдік майымен араласқан көкөніс салаты. Ұнтақталған қызыл бұрыш қосылған қоңыр күріш.
Кешкі ас: ащы тұздық қосылған асшаян, пісірілген тауық еті, қияр мен қызанақтан жасалған смузи.
Арасында жеміс-жидек жеп, смузи ішуге рұқсат беріледі. Екі апта бойы сүтті тағамдар жеуге тыйым салынады.
Ал сіз арыктау ушин не істедіңіз?