Қарныңыз аша бере ме? Тамақ жей беруге итермелейтін өнімдер

Қарныңыз аша бере ме? Тамақ жей беруге итермелейтін өнімдер
Фото: Conor Brown, unsplash.com

Кейде қанша тамақ жеп жатсаңыз да, қайтадан қарныңыз ашып, тағы бірдеңе жегіңіз келіп тұрады. Мұның артында қандай да бір жұмбақ ауру емес, жеуге қандай тамақ таңдайтыныңыз тұр. Барлық өнім бірдей сізге тоқтық сезімін сыйламайды. Одан сайын қарныңыздың ашуына ықпал ететін нақты өнімдерді ұсынамыз.

Майсыз йогурт

Тою жағынан қарайтын болсақ, ұзақ шайнайтын тамақты таңдаған дұрыс. Бұл сізге тоқтықты ұзағырақ сезінуге мүмкіндік береді. Ал ауызда еритін йогурт сізді бұл әсермен қаматамасыз етпейді. Оған қоса, майсыздандырылған йогурттарда да тәттілендіргіштер болады. Ол қандағы қант деңгейін арттырады. Оның құрамында пайдалы май да жоқ. Егер тойғыңыз келсе, құрамында қанты жоқ сапалы майлы йогурт таңдаңыз. Оған мюсли, жаңа піскен немесе мұздатылған жидектер, жаңғақтар қосып жеуге болады.

Жемісті смузи

Егер смузиде ақуыз немесе көкөніс болмаса, ол — жай ғана фруктоза. Сондықтан да жемісті смузи ішкеннен кейін тоқтық сезімі ұзаққа созылмайды. Қандағы қант деңгейі жылдам артады, одан соң ол жылдам түседі. Сол үшін қайтадан аштық сезімі пайда болады.

Жұмыртқаның ағы

Калория мөлшерін азайту үшін жұмыртқаның сарысынан бас тартуды ойлап жүрсеңіз, бұл кезде өзіңізді тоқ сезінбейтініңізді де ескеріңіз. Жұмыртқаның сарысы «толыққанды ақуыз» саналады.

Құрғақ таңғы астар

Көпшілік құрғақ таңғы астарда жасанды тәттілендіргіштер бар. Жасанды тәттілендірілген өнімдер қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін, сондықтан олар сізді көбірек тамақ жеуге итермелейді. Бірақ сіздің сонда да қарныңыз ашып тұрады.

Круассан

Круассандар және басқа да жеңіл бөлкелерде пайдалы қоректік заттар аз, ал ақ ұн мен май мөлшері көп. Оларда тұтас дәнді нанға қарағанда калория көп және сізді тойдырмайды.

Тұзды тіскебасарлар

Тұзды тіскебасарлар құрамында натрий мөлшері көп және оларда, әдетте, жасұнық пен ақуыз болмайды. Мұндай тіскебасарда көмірсулар көп және үйлесімсіз болғандықтан, ол қандағы қант мөлшерінің артуына әкеледі. Ал ондағы тұздың көп мөлшері ағзаның сусыздануын шақырады. Бұл кезде өзіңізді қолға алып, таза су ішу маңызды. Әйтпесе, ол сізді қайта-қайта бірдеңе жеуге итермелейді.

А. Жапатова