Қарбыз кесу әдістері

Қарбыз кесу әдістері
Фото: women-cosmetics.ru

Көктемнің көк майса мезгілі тәмамдалып, жайдары жаз да келіп жетті. Күннің аптап ыстығында адамдар жеңіл киімге ауысып, түрлі шөл қандырарлық азықтарды жиі пайдаланады. Жеміс жидектердің де нағыз пісетін уақыты осы жаз мезгілі. Ешқандай қоспасыз табиғи өсірілетін өсімдіктер адамның шөлін қандырып қана қоймай, аз уақытқа болса да қуат күшін сақтап тұрады. Көпшіліктің осы мезгілде қауын-қарбыз пісуін асыға күтеді. Бүйрек ауруының алдын алатын қарбыз шөліңді басады, ерекше дәмі таңдайда татиды.

Қарбызды кесудің де әртүрлі жолы бар. Қарбызға құмартып, оған аузы тигенше асығатын адамдарға оның қалай кесілгені маңызды емес. Ал, арнайы қонаққа тарту ету үшін, немесе сүйсініп дәм тату үшін сәл шыдамдылық танытсаңыз өзгеше сезімге ие боласыз. Осы тұрғыда қарбызды кесу түрлері жөнінде бірер кеңес берейік. 

Қонаққа жайылған дастарханды ерекше еткіңіз келсе, раушан гүлінің суреті ойып салынған түрін ұсынсаңыз болады. Айналасы түрлі жеміс-жидекпен толтырылған қарбыздың керемет мүсіні сіздің қонағыңызға ерекше ілтипатыңызды және өзіңіз шебер қолды екеніңізді байқатады. Оның қалай жасалатынын мына бейнеороликтен көріңіз.

Балаларыңызға тосын сый жасау үшін қарбыз кесудің сына жолы сізге көмектесері анық. Екіге бөлінген жасыл бөлігін қолыңызбен оңай ажыратып, ішіндегі қызыл тәттісін пышақ тигізбей көрсетсеңіз кімді болса да таңқалдырарыңыз анық. Ол үшін сізге бірдей екі қарбыз керек. Ары қарай қалай жасалатынын тамашалаңыздар. 

B. ZHAQSYMBET