- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қарақұмық қосылған диеталық...
Қарақұмық қосылған диеталық печенье
Фото:
povar.eu
Ингредиенттер:
- 1 стақан қарақұмық жармасы
- 2 алма
- 1 ас қасық кебек
- 1 шай қасық зәйтүн майы
- 1 ас қасық бал
- 150 мл айран
- күнжіт қажет.
Дайындау жолы:
1. 1 стақан қарақұмық жармасын ұнтақтаңыз.
2. Алманың сыртын тазалап, үлкен үккіштен өткізіңіз.
3. Ұнтақталған қарақұмықты және кебекті, зәйтүн майын, балды, айранды қосыңыз.
4. Барлығын жақсылап араластырып, 20 минутқа қалдырыңыз. Қамыр жақсы илену керек. Егер құрғақтау болса, тағы да аздап айран қосыңыз.
5. Кейін бөліктерге бөліп, үстіне күнжіт қосыңыз.
6. 40-50 минут 150 градус температурада пісіріңіз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Ж. Исакаев