Қарағандылық индустриялды-технологиялық колледжінің студенттері "Артық килограмдармен күресейік" шарасы барысында өздері жасаған диетикалық тамақтарды ұсынып, арықтаудың оңай әрі тез жолын көрсетті.
Болашақ аспаз мамандары, индустриялды-технологиялық колледжінің түлектері арықтай алмай жүргендерге қатаң диеталарсыз арман фигураға қол жеткізіп, денсаулықты сақтап қалуға көмектескілері келіп, осындай шара ұйымдастырды. Олар қолжетімді азық-түлік пен жеміс, көкөніс түрлерінен оңай жасалатын тамақ мәзірлерін ұсынды. Олардың қалай әзірленіп, қанша уақыт алатындығы айтылып, тигізетін пайдасын сөз қылды.
Жас аспаздар еттен бас тарта алмай, нәтижесінде салмақ тастай алмай жүргендерге мүкжидек (клюква) пен апельсин қабығынан жасалған тұздық қосылған пеште пісірілген тауық еті мен брюссель орамжапырағын ұсынды. Мұндай түскі ас дәмді бола тұрып, ағзаға қажет пайдалы заттарды береді, оған қоса артық майлардың сақталмауына кепіл болады.
Студенттер ұсынған мәзірлерде ерекше орын жеміс-жидектерге тиеселі болды. Цитрус жемістері мен ананас олардың айтуынша артық килограммдарды кетіре алады. Айта кетсек, ананас пен грейпфрут кез келген диетада әмбебап көмекші бола алады: түскі астан кейін желінген осы жемістер тамақтың соңына дейін қорытылып, ағзада май болып сақталмауына көмектеседі. Жаңа сығылған жеміс шырындары да арықтауға көмектесе тұра, сергектік пен күш беріп, иммунитет үшін пайдалы екендігі айтылды. Әрине бұл жолда дүкенде сатылатын қораптағы шырындар көмекші емес.
Арзан емес экзотикалық астар қатарында авакадо мен асшаяннан (креветка) жасалған салат болды. Студенттер салаттың бір үлесін 400-500 теңгеге бағалады. Алайда қымбаттау асты даярлау оңай екен. Бар болғаны асшаяндарды суға пісіріп тазалау керек. Салат жапырақтарына авакадо жемісі мен грейпфрут тілімдерімен жайғастырыңыз. Калориялығы көп бұл салаттағы грейпфрут артық ақуыздар мен көмірсулардың ағзаға түспеуіне кепіл болады екен. Грейпфруттың орнына ананас, тіпті консервіленген түрлерін қосып жасалынған кез келген салат осындай қасиеттерге ие болады. Айтпақшы салаттарға майонез, тіпті ең жеңіл, майсыз түрін қоспаған дұрыс. Оданша майонезді өзіңіз жасап, не басқа жеңіл тұздық әзірлеңіз.
Студенттер диета әлемін біраз зерттеп нәтижелі диеталар жайлы айтып берді. Олардың қатарына қарапайым диеталардың бірі –қарақұмық жармасы негізіндегі диета бар. Күн ара тұзсыз, майсыз суда пісірілген қарапайым қарақұмық жармасымен ғана тамақтану керек. Ал басқа күндері қарапайым рационыңызды ұстаныңыз. Әрине қуырылған, майлы, тәтті тағамдарды уақытша жемеген және ұйықтар алдында тамақтанбаған дұрыс. Диетаны 1 апта уақыт ұстану 5 килограмм тастауға көмектесе алады екен.
Келесі "жұмыс істейтін" диеталардың бірі – бөліп тамақтану тәртібі. Бұл диета кезінде белгілі бір тамақ түрлерін бір-бірімен үйлестіру керек. Ол үшін бұл диетаның ережелерін біліп алыңыз.
Сонымен қатар жүргізген зерттеулер бойынша студенттер жеуге тұрарлық және қажетсіз тамақ түрлерін айтты. "Пайдалы азық-түліктер" тізіміне дәнді нан, буда пісірілген ет, көкөністер мен жемістер кірді. Жас аспаздар кофе, қара шай, шұжық, майонез, кетчуп сынды дүкенде сатылатын дайын тұздықтардан бас тартуға шақырды. Сонымен қатар жағымсыз тізімге олар дүкенде сатылатын құрамында химимялық қосындылар бар дайын дәмдеуіштер жинағын қосты.
Тақырып бойынша:
Бөліп тамақтану қағидалары Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері Майонез мәзіріДайындаған: Сания Аринова
Сурет: nv.kz