Қантсыз десерт дайындайық!

Қантсыз десерт дайындайық!
Фото: crello.com

Көпшіліктің тәтті тағамдарды жақсы көретіні рас. Бірақ медициналық көрсетімге немесе басқа да жағдайларға байланысты қантты барлық адам бірдей жей алмайды. Алайда, уайымдамаңыз, қантсыз да көптеген дәмді десерттер дайындауға болады. Ендеше, пайдалы 2 десерт рецептісін ұсынамыз.

1. Қантсыз және ұнсыз дайындалатын жұмсақ көмеш

Қажетті ингредиенттер:

- 2 жұмыртқа;
- 400 г сүзбе (5%-дық);
- 100 г қаймақ (10%-дық);
- 1 ас қасық жүгері крахмалы;
- 70 г тәттілендіргіш (мысалы, эритрит).

Дайындау жолы:

Барлық ингредиенттерді миксермен араластырыңыз. Содан соң оны пешке салуға болатын ыдысқа құйып, 180 градуста 40 минут пісіріңіз.

Бұл өнімнің 100 грамында:
Ақуыз – 13г;
Майлар – 8г;
Көмірсулар – 2г.

               

2. Қантсыз, ұнсыз және жұмыртқасыз дайындалатын банан маффиндары

Қажетті ингредиенттер:

- 2 банан;
- 200 г айран;
- 250 г ұсақталған сұлы үлпегі;
- 2 ас қасық ұсақ мейіз;
- 5 г қопсытқыш.

Дайындау жолы:

Бананды шанышқымен езіп, үстіне айран қосыңыз. Қопсытқышты сұлы үлпегімен араластырыңыз. Содан соң оны айран қоспасына қосып, мейізді салып, барлығын араластырыңыз. Дайын қамырды кекс пісіретін ыдысқа құйып, оны 180 градуста 30 минут шамасында пісіріңіз. Оның дайын болғанын тіс тазалағышпен тексеруге болады. Тіс тазалағышты маффинге салып, қайта алғанда, ол құрғақ болуы тиіс.

Бұл өнімнің 100 грамында:
Ақуыз – 5,5г;
Майлар – 0,89г;
Көмірсулар – 31г.

А. Жапатова