- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қант тарихы...
Қант тарихы
Қант ертеде қант қамысы деп аталатын тропикалық өсімдіктен алынатын. 10 метрге дейін жететін бойымен 20-25% қант құрайды. Қант ең алғаш Полинезиядан Үндістанға өткендігі болжанады. Б.з.д. 510 жылы Үндістанды басып алған парсы билеушісі Дара еліне қант жаңалығын алып келеді. Арасыз бал беретін қант қамысы тез таралып, көптеп қарқын алады. Кейініректе Иранды басып алған арабтар да қантдің дәміне құнығып, өсіріп, ауқымды өндіріс түріне айналдырды. Батыстықтар басқа көп нәрседе болғанындай қантді де арабтардан алды. Елдеріне қайтқан крес жорықшылары шығыстағы қантдің дәмін ұзақ айтып жүрді. қант – Мысыр, Кипр, Сицилия, Андалусия арқылы Еуропа елдеріне, кейін бұл жақтан Канар аралдары арқылы Америкаға жетті. ХVІ ғасырда толыққанды сауда құралына айналды.
Қант сөзінің түбі санскрит тілінде чаркара (शर्करा) (ұсақ тас) деген мағынаға келетін және қант үшін де қолданылған осы саркара сөзінен келеді. Ал Еуропаға бұл атау арабшадағы “суккәр” (سكر) сөзінен өтеді. Көп елдерде осы сөзден келетін атаулар қолданылады. (Орысша “сахар”, ағылшынша “sugar”, немісше “zucker” т.б.) Парсылардың қанд сөзі де біршама елдерде қант орнына баланады. (Ағылшыншада “candy”, бізде де шекер сөзі бар.)
1309 жылы Лондонда 1 фунт қанттың бағасы бір адамның айлығына тең келетін. (1 фунт = 0,45 кг) Осы себепті күш жинасын деген мақсатта тек ауруларға ғана берілетін. Ал байлардың дастарханының сәні саналатын. Франция королі ІІІ Генри Венецияға келгенінде, оның құрметіне ұйымдастырылған салтанатта барлық табақта қант ұсынылған болатын. Сол замандары Венеция рафинатталған қанттың орталығы еді. Васко да Гама Үндістанға барып қант саудасын жолға қойғанында Венецияның қант монополиясының белі сынған болды.
Христофор Колумб қант өсіруге климаты ыңғайлы болған Кариб аралдарына қант өсіре бастады. Осыдан кейін аралдар қант қамысы плантацияларына айналды. Еуропаның қант қажеттілігі осы жерден қамтамасыз етілетін болды. Бұл жерде жұмыс істетуге әлемнің түпкір түпкірінен жұмыс қолы әкеліне бастады. Осы арада құл сауда-саттығы да үдейе түсті.
ХVІІ ғасырдың орталарына қарай қант барлық жақта дерлік танымал жағдайға келді. Қантты кофе және какаомен бірге қайнатып ішу Еуропа байларының арасында модаға айналды. Қант саудасымен айналысқандардың жұмысы шыңға өрлегені соншалық, қантты ақ алтын деп атай бастады. Ұзақ жерлерден келетіндіктен және тапшы болғандықтан әлі де арзан емес болатын. Тек өнеркәсіп төңкерісі кезеңінен кейін ғана арзандады.
Франция императоры І Наполеон Еуропа құрлығын қоршауға алып, қант жолдарын жапқанында, адамдар жаңа қант көзін іздей бастады. Маргграф атты неміс ғалымының ашқан жаңалығы бұл мәселенің шешіміне айналды. Ақ қызылшадағы (қант қызылша) тәтті заттарды кристалдандыруды және мұның дәмі қант қамысына тең келетінін анықтады. Шәкірті Ачард мұның өндірісін жолға қойды. Алғашқы қант фабрикасын 1802 жылы Силезияда құрды. Маргграф қант қызылшасынан 1%, Ачард 4,5% қант алуды жүзеге асырған болатын. Ал қазір бұл көрсеткіш 15-24% аралығында.
Г. Берік