Жарма не көкөністі тәтті қылып пісіруге бел бусаңыз да, оның неліктен дәмді шықпағанына уайымдайсыз ба? Тамақты дайындаудың ең оңай жолы сіз үшін азапқа айналмас үшін мына ескертпені оқып, қандай тағамның қанша уақытта пісетінін біліп жүріңіз.
Жарма түрлері
Қарақұмық жармасын тазалап, қайнап тұрған су құйып (қарамұқ пен судың қатынасы 1:2), баяу отта 15 минут пісіру керек.
Жүгері жармасын жуып, қайнап тұрған суға не сүтке 10-20 минут пісіріңіз.
Ұнтақ жармасын аз-аздан қайнап тұрған суға не сүтке қосып, қайнатып, отын басып, 3-5 минут пісіру керек.
Арпа жармасы 40 минуттан 1,5 сағатқа дейін піседі. Бұл жарманың түріне байланысты. Пісірмес бұрын, арпаны бірнеше сағатқа суық суға бұқтырып қойсаңыз, оны пісіру уақыты біршамаға азаяды.
Сұлы қауызын қайнап тұрған су немесе сүтке салып, баяу отта араластырып, 3-5 минут пісірген дұрыс.
Тарыны жуып, қайнап тұрған суда 25-30 минут пісіріңіз. Есіңізде болсын, тары көлемі піскеннен кейін, 5-6 есе үлкейеді.
Жуылған күріштің үстінен қайнап тұрған су құйып, 15-20 минут баяу отта пісіру керек. Бетін қақпақпен жауып, судың толықтай буланғанын күтіңіз. Күріш пен судың қатынасы - 1:2. Пісіру барысында күрішті араластырмай-ақ қойыңыз.
Ұннан әзірленген тағамдар
Варениктерді қайнап тұрған суға салып, судың бетіне қалқып шыққанын күтіңіз. Осыдан кейін тағы 5 минут пісіру керек.
Үзбені (украин халқының дәстүрлі қамырдан жасалынатын тағамы) тұздалған қайнап тұрған суға салып, судың бетіне қалқып шыққанға дейін пісіріңіз.
Пастаны (спагетти немесе кез келген макарон түрлері) тұздалған, қайнап тұрған суға салып, орамасында көрсетілген уақытта қайнатыңыз. Әдетте 100 г пастаға 1 литр су мен 10 г тұз керек. Әзірлену уақыты пастаның түрі мен пішініне байланысты. Ең дұрысы пастаны әбден пісірмей, оның қатты, бірақ шикі емес қалпына дейін қайнату. Бұндай нәтижеге қол жеткізем десеңіз, орамадағы жазылған уақыттан 1-2 минут кем қайнатқаныңыз дұрыс.
Тұшпараны қайнап тұрған тұздалған суға олар судың бетіне қалқып шыққанша қайнату керек. Тұшпара мен судың қатынасы - 1:4.
Көкөністер
Кәдіні майда турап, 8 минут пісіруге болады. Ал үлкен бөліктерге туралған кәді 20-30 минутта піседі.
Орамжапырақты 15-20 минут, алдын ала турап пісіру керек.
Түсті орамжапырақты бірнеше бөлікке бөліп, 10-15 минут бойы пісіреді.
Картопты турап, 15 минут пісіру керек.
Сәбіз 20-25 минутта піседі.
Қызылша 40-50 минутта піседі.
Асқабақтың пісуі үшін 30 минут қажет.
Бұршақ тұқымдастары
Тұтас бұршақты алдын ала суға бірнеше сағатқа бұқтырып қою керек. Пісірмес бұрын, суын төгіп, бұршақты қайта жаңа суға салып, 1-1,5 сағат пісіріңіз. Жарма бұршақты алдын ала суға бұқтырмай-ақ, 45 минуттан 1 сағатқа дейін пісірсе болады.
Жаңа жүгеріні суық суға қайнатып, 10-15 минут пісіріңіз. Былтырғы жүгері бұдан ұзағырақ, 40 минут шамасында піседі.
Фасоль бұршағын пісірмес бұрын, суық суда 6-12 сағатқа бұқтырып қойған дұрыс. Кейін оны жаңа суға салып, 40-60 минут бойы пісіріңіз.
Жасымықты жуып, қайнап тұрған суға баяу отта 10 минуттан 40 минутқа дейі пісіреді. Нақты пісу уақыты жасымықтың түріне байланысты. Мысалға, қызыл жасымық 10 минутта, жасыл - 30 минутта, ал қоңыр жасымық 40 минутта әзір болады.
Суреттер: lady.mail.ru.
С. А