- Негізгі бет
- Аспаздық
- Қандай өнімдерді бірге...
Қандай өнімдерді бірге жемеген дұрыс?
Уақытылы тамақ ішу және тағамдарды бір-бірімен дұрыс үйлестіру асқорыту проблемасының болмауына, хал-жағдайдың жақсы болуына және сымбатты дене пішінін сақтауға әкеледі. Іштің кебуі, шұрылдау секілді жағымсыз сезімдерді болдырмас үшін қандай тағамдарды бірге жеуге болмайды.
Балмұздақ пен газдалған сусын
Мұндай дуэт кекірік, іштің кебуі және іште ауырлық сезінуге әкеледі. Ол сізді бірнеше сағат бойы мазалауы мүмкін. Бірақ бұған қарамастан көпшілік, әсіресе, жастар балмұздақ жегеннен кейін шөлін тәтті газдалған сусындармен басады. Балмұздақ жегеннен кейін қарапайым су ішкен дұрыс.
Көк шай мен сүт
Мұндай дуэт ағзаңызға зиян келтірмейді, бірақ оның пайдасы да болмайды. Егер көк шайды оның пайдасы үшін ішсеңіз, оған сүт емес, лимон қосыңыз. Сүттегі және сүтті өнімдердегі казеин көк шайға түскен кезде бірден оның құрамындағы катехиндерді азайтып тастайды. Оған қоса, сүтті ақуыз тағы бір пайдалы шай флавоноиды — теафлавинмен реакцияға түсіп, еш пайдасыз және қиын сіңетін қосылыс түзеді. Теафлавин ойық жара ауруы бар адамдарға пайдалы, себебі ол жаралардың жазылуын жылдамдатады. Егер сізге көк шайға сүт қосып ішкен ұнайтын болса, іше беріңіз. Ал егер сізге көк шайдың пайдасын алу маңызды болса, оның өзін таза күйінде немесе лимон қосып ішіңіз.
Тосап пен сүзбе
Кей адамдар сүзбе немесе йогуртты тәтті еткісі келіп, оған тосап салып жейді. Алайда олар бір-бірімен үйлеспейді. Оларды бірге жесеңіз, ол асқазанда ашуды туындатады. Ақуызды өнімдерді қорытуға асқазан сөлінің қышқыл ортасы керек, ал қанттар оның бөлінуін тежейді. Нәтижесінде, іште ауырлық сезесіз, іш кебуі мүмкін және газ түзілу артады.
Ботқа мен қант
Ботқа пісіруге арналған көпшілік жарма 70-80% крахмалдан тұрады. Ол біздің ағзамызда глюкозаға айналады. Ботқаға қант қосу арқылы ағзаға түсетін глюкоза мөлшерін бірнеше есе арттырасыз. Ал ол артық салмаққа және диабетке әкелуі әбден мүмкін. Ботқаға қант пен тосап қосуға болмаса, оны қалай тәтті етуге болады? Ботқаны жемістермен жеңіз. Мысалы, банан.
Сүтті өнімдер мен киви
Кивиді йогурттарға, сүтті коктейльдерге және смузилерге қосады. Мұндай дуэт ағзаға зиян келтірмейді. Бірақ кивидегі ферменттер сүтті ақуызды бұзып, тамаққа ащылау дәм береді. Сол үшін кивиді сүтті өнімдерге дәл жердің алдында салыңыз.