Қызылша қанты - үйреншікті, күнде қолданатын қант түрі. Ал қамыс қанты қандай болады? Ол пайдалы ма?
Қамыс қантын Үндістанда жасай бастаған. Еуропаға бұл қант орта ғасырларда жетіп, 11-12 ғасырларда әлемдік танымалдыққа ие болды.
Қазірде әлемде өндірілетін қанттың 60%-ы қамыс қанты, ал қалған 40%-ы қызылша қанты. Сонда да қарапайым қызылша қанты көп қолданылады.
Алайда қамыс қантының пайдалы қасиеттері әлдеқайда көп екен.
Қоңыр қант клетчатка, микроэлементтер мен жүйке жүйесін реттейтін В дәруменіне бай. Қамыс қантындағы калий ағзадағы артық сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Осы қант түрінің құрамындағы кальций сүйектерді берік қылады. Айта кетсек, қызылша қантында бұл элемент 23 есе аз екен. Қанттағы мырыш жалпы ағзаға пайдалы.Жалпы қоңыр қанттың бойында қызылша қантының барлық жақсы қасиеттері бар. Яғни ол бізге көмірсулардың қажетті мөлшерін, күш пен энергия береді. Алайда ақ қантқа қарағанда қамыс қанты бойында басқа да жақсы қасиеттер бар. Жалпы рафинадталған қант түрлерінің пайдалы қасиеттері бірден төмендейді. Сондықтан барынша өңделмеген, тазартылмаған қантты қолданған абзал.
Пайдалы болса да, қамыс қанты да қант екенін ұмытпағаныңыз жөн. Оны көп пайдалану денсаулыққа зиян, артық салмақ бастамасы болуы мүмкін. Сол себепті күніне 5 қасықтан артық қабылдамаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: sunfood.com.ua