- Негізгі бет
- Аспаздық
- Кәді (кабачок) -...
Кәді (кабачок) - жаздық көкөніс
Биолог ғалымдардың айтуынша кәді - асқабақпен бір тұқымдас, құрамында пайдалы заттар молынан бар көкөніс. Ал аспаздар кәдіден тосап жасауға кеңес береді. Олардың айтуынша ол ананас тосабындай тәтті болып шығады екен.
Кәді расымен де асқабақтың бір түрі болып табылады. Еуропадағы оның атауы "жаздық асқабақ" екен. Ол өте пайдалы, аз калориялы көкөніс. Оның дәмі осал білінеді, сол себебті оны кез келген тамақпен бірге дайындаса болады. Кәдіні қуырсаңыз да, пісірсеңіз де, бұқтырсаңыз да болады. Оның ішін тазалап, салынды салса, грильге де қуырса дәмі керемет болып шықпақ.
Салат пен тіскебасарлар
Салат пен тіскебасарларға 7-15 см өлшеміндегі жас кәділер келеді. Сондай-ақ кәдінің ерекше түрі цукини де қолданып көріңіз. Цукини - еті жұмсақ, қабығы жұқа болатын кәді түрі. Оның жақсы жері - майда сүйектері мен жұқа терісінен тазалау қажет еместігі. Салаттарға кәдіні балғын түрде, не пісіріп, қуырып қосады. Кәдіден жасалынатын тіскебасарлар арасында басты орынды кәді құймақтары алатын болар.
Басты тағамдар
Кәдіні кез келген сорпаға, не қою сорпаға қосса болады. Ол картоп, сәбіз, орамжапырақ сияқты дәстүрлі "сорпа" көкөністерімен жақсы үйлеседі. Диета ұстанатын жандарға кәді - таптырмас шешім. Бұндай сорпаның калориясы аз, жеңіл болмақ.
Текшелерге туралған кәді не цукиниді сұйық майда қуырып, басқа көкөністермен қосып берсе болады. Сондай-ақ ет не балыққа берілген буға пісірілген не қуырылған кәді өте орынды болады. Рататуй атты әйгілі тағамның басты құрамдас бөлігі де кәді болды. Ал кәдіден жасалынатын ең танымал тағам - салынды салынған кәділерді жасау тіпті қиынға соқпайды.
Тағы да ондаған мәзірде қолдануға болатын кәді қазірде базар мен дүкен сөрелеріне толды. Кәді маусымын қалт жібермей, одан түрлі тағамдар әзірлеп көріңіздер.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: mosfoodnews.ru
С. А