Жұмыртқаның адам ағзасына пайдасын ұсынамыз. Миға пайдасы:Холин дәрумені мидың маңызды құрылыс материалы болып табылады. Күніне 2 тауық жұмыртқасын тұтынғанда, ағза қоректік заттардың жеткілікті мөлшерін алады. Холиннің жетіспеушілігі есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Көзге пайдасы:Жұмыртқа лютеиннің көп мөлшерін қамтиды. Бұл зат көздің айқын, әрі өткір көруіне жауапты. D дәрумені:D дәрумені кальцидің жақсы сіңуіне және адамның сүйегі мен тістерін қатайтуға көмектеседі. В дәрумендері кешені:Биотин, витамин В12, сондай-ақ қоректік сіңімді протеин шашты және теріні нығайтуға көмектеседі. Арықтауға пайдасы:Американдық ғалымдар төменгі калориялы диетамен, таңертеңгі асқа жұмыртқаны бірге қолдану азуды екі есе жылдамдататындығы жөнінде қорытындыға келді. Мұндай таңғы ас ұзақ мерзімге тоқтықты сақтайды. Қатерлі ісік қаупі төмендейді:Миға қажетті холин, сондай-ақ, қатерлі ісік ықтималдығын да азайтады. Зерттеу қорытындысы бойынша, жеткіншек шақтарында күнделікті тағамға жұмыртқа тұтынғанған әйелдер арасында, 18%-ға сүт безі қатерлі ісігінің даму қауіпі төмендеген. Балалы болуды жоспарлаған кезде пайдалы:B дәрумендер тобы, сондай-ақ жыныстық гормондарды қалыптастыруға қатысады. В9 дәрумені Фолий қышқылы аталатын өзге де атауға ие. Оның көмегімен, қызыл қан жасушалары түзіліп, ұрықтың жүйке түтікшесі қалыптасады, баланың кешеуілдеген ақыл-ой психикалық даму қаупін азайтады. Қартаю үдерісі баяулайды:Бұл жөнінде Нидерланд ғалымдарының зерттеулері дәлел болады. 35-тен 40 жас аралығындағы 87% әйелдерде пигмент дақтар жоғалып, тері тартылған, ал еркектердегі көз айналасындағы ұсақ сепкілдер айтарлықтай тегістелген. bilim-all.kz