Соңғы кезде жұмыртқаның адам ағзасына пайдасы туралы әртүрлі пікір айтылып жүр. Оның саруызының құрамындағы холестериннің пайдасын бір ғалымдар жоққа шығарса, енді бірі холестерин деңгейінің көтерілген кезде қан ауруларының алдын алатындығын айтады. Осыған орай жүргізілген тәжірибе туралы ақпаратты редакциямызға Майра Мырзахметова есімді оқырманымыз жолдаған екен. Оны назарларыңызға ұсынамыз.
Ғалымдар тәжірибе кезінде қатысушыларды 2 топқа бөледі. Бірінші топтағы әр қатысушыға 15 саруыздан беріп отырады. Ал екінші топтағылар саруыздан мүлдем ауыз тимейді. Кейін екі адамның ғана қан құрамындағы холестерин мөлшері көтеріліп, ал қалған екеуінде түсіп кетеді. Қалғандарында еш өзгеріс байқалмайды. Диеталық холестерин біздің ағзамыздың жасушасына өте қажет. Онсыз мембрананың жасушалары зақымдалады. Сондай-ақ ол альфалипопротейннің тығыздық мөлшерін көтереді. Холестерин атеросклероз бен жүрек-қан тамырлары аурулары көбеюінің алдын алады.
Саруыздың құрамында дәрумендер бар. Әсересе өмірлік күш-қуат беретін В12 дәрумені өте көп. Оны балалардың тәбетін ашу мақсатында қолдануға ұсынады. Мұнымен қатар, саруыздың құрамында А дәрумені бар. А дәрумені көздің көруін жақсартып, ерте қартаю мен обыр ауруының алдын алады.
Ағзамыз саруыз құрамында кездесетін РР, В1, В2, Е және D дәрумендеріне өте зәру. Тісті ағарту үшін қажет фосфорға, селенге де бай. Селен тісті қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Холестерин жүйке жүйесі мен мен жүрек-қан тамырлары жұмысы үшін өте маңызды. Егер ағзаңызды жасартқыңыз келсе, ағзаны мелатонинмен қоректендіріңіз.