Ең көп жұмыртқа Қытайда өндіріледі. Олар бір жылда 160 миллиард жұмыртқаны сатылымға шығарса, америкалықтар жылына 65 миллиард жұмыртқа өндіреді екен. Бұл екі алпауыт мемлекет жұмыртқа өндіруден көш бастап келеді.
Тауық - ең алғашқы үй жануарларының бірі. Ол аспан асты елінде біздің заманымызға дейін 1400 жыл бұрын қолға үйретілген. Бір тауық жылына 250 жұмыртқа басады. Алайда бұл ең үлкен көрсеткіш емес, кейбір тауықтар манипуляцияның көмегімен одан да көп жұмыртқалай алады.
Түйеқұстың жұмыртқасын пісіру үшін толық 2 сағат кетеді. Оны жару өте қиын. Жыртқыштар бұл деликатесті жеу үшін түрлі тәсіл ойлап тапқан.
Басқа тірі ағзалар сияқты жұмыртқалар да ауа жұтады. Өйткені жұмыртқаның қабығында 4 л таза ауа сіңіріп, 3 л көмір қышқылын шығаратын ұсақ тесіктер бар.
Христиандар жұмыртқаны өздерінің Пасха мерекесіне арнап бояйды. Ал қытайлықтарда жұмыртқа өмірдің жалғасы дегенді білдіреді. Оны алқызыл түске бояп қойса, ол бақыт пен амандықтың символы саналады.
Ең үлкен омлетті мексикалық аспаз дайындаған. Ол 500 саруыздан жасалған және 600 килограмды құраған. Аспаз көмекшілері жұмыртқаны тез тазалаудан рекорд қойған. Олар 8 сағаттың ішінде 12600 жұмыртқа аршыған.
Барлық тіршілік иесі жылына 567 миллиард жұмыртқа жейді. Бұл ескі көрсеткіш. Мамандар оның жыл сайын өсіп келе жатқанын жасырмайды. Жұмыртқа көлемі оның жасына тікелей байланысты. Тауықтың жасы қаншалықты үлкен болса, жұмыртқасы да соншалықты ірі болады.
Ең бағалы жұмыртқа - Фаберже жұмыртқасы. Ол аукционда 18500 фунт стерлингке сатылды. Оны белгісіз ресейлік коллекция жиюшы алды.
Сурет: kuriperepela.com.ua
Дәмді кекс жасаудың жолдары
Ас үйдегі қулықтар