Кез келген әйел заты дене сымбаты мінсіз болғанын қалайды. Бұл мақсатқа жету үшін әлем мамандары әртүрлі диета, бағдарлама, т.б. әдістерді ойлап тапты.
Кейде жұлдыздарға маңызды түсірілім немесе концерт үшін тез арада арықтаулары керек болады. Олар мұндай жағдайда артық салмақтан қалай арылады?
Ресейдің танымал әншілерінің бірі Ани Лорак кешкі 7-ге дейін ас ішеді. Әр порциясы аз-аздан болады. Оның аруларға берер кеңесінің бірі – кішкентай тәрелке сатып алу. Демек жейтін тамақтың көлемін азайту керек. Ани күнде 30 минут бойы фитнеспен айналысады.
Диетасы:
Міндетті тағамға майсыз айран, орамжапырақ, жемістер (жүзімнен басқа), грильде піскен балық, сұлы ботқасы жатады.
Жеуге болмайтын тағамға газдалған сусындар, табиғи шырын, қуырылған тағам, майонез, ақ нан жатады.
Меган Фокс – әлемдегі ең тартымды, сұлу жұлдыздарының бірі. Ол бала көтергенде 10 кг жинап алған еді. Алайда босанғаннан кейін тез қалыпқа келді. Оған «бес фазалы диета» көмектесті. Бұл диетаның ережесі бойынша, 5 рет аз-аздан тамақтану керек. Аптасына бір рет не жегіңіз келсе де, өз еркіңізде. Меганның айтуынша, оның тез арықтауына сүтті тағамнан бас тартуы себеп болды.
Диетасы:
Міндетті мәзірге балдыр салаты, жұмыртқа ағы, жеміс пен көкөністер, алма сіркесімен тұздалған салат, миндаль кіреді.
Жеуге болмайтын тағамдары: алкогольді сусындар, тәттілер, бұршақты тағам, нан-тоқаш өнімдері, сүтті тағамдар.
Кристина Агилера 23 килограмм артық салмақтан арылды. Ол жаман әдеттер мен болмашы нәрсеге күйіп-пісуді доғарып, дұрыс тамақтануды бастады.
Диетасы:
Міндетті тағамға қара өрік, авокадо, тауық еті, балық карриі, миндаль пастасымен тұздалған балдыркөк пен асшаян жатады.
Жеуге болмайтын тағамға кофе, алкогольді сусындар, құймақ жатады.
Әйгілі Рианна протеин мен жасұнықтан тұратын диетаны ұнатады. Демалыс күндері ара-тұра қара бидайдан жасалған кекс, жеміс йогурты мен көкөністен жасалған пицца жеуге өзіне рұқсат береді.
Диетасы:
Міндетті мәзірге латук салаты, сәбіз, қияр, жұмыртқа ағы мен жемістер кіреді.
Жеуге болмайтын тағамдарға тәтті-пәттілер, макарондар, нан-тоқаш өнімдері мен алкогольді сусындар жатады.
Бұл сұлулардың дене сымбатына көптеген адам қызығады. Ал олардың ұстанатын диетасы кез келген адам үшін қол жетімді. Сол себепті өзіңізге ұнаған диетаны таңдап, арықтауыңызға болады. Іске сәт!
Бұл ақпаратты жоғалтып алмау үшін өз парақшаңда бөліс!