Жеуге жарамды қағаз (немесе ас қағазы) табиғи өнімдерден жасалады және арнайы аспаздық принтерде шағарылады. Аспаздық принтерге арналған А4 (210 х 297мм) өлшемді ас қағаздары кеңінен таралған. Ас қағазының түріне және нақты өндірушіге қарай, қағаздың қалыңдығы, құрамы, түсі, дәмі және құрылымы әртүрлі.
Ас қағазын принтерден өткізудің қарапайым қағазды принтерден өткізуден еш айырмашылығы жоқ. Ас қағазы басып шығарылған суреттің сапасына тікелей әсер ететіндіктен, оны абайлап қолдану қажет.
Ас қағазының түрлері
Қазіргі кезде ас қағазының бірнеше түрі бар. Олар аспаздық басып шығару үшін және ары қарай аспаздық бұйымдарды безендіру үшін қолданылады. Аспаздық басып шығарумен таныс аспаздар ас қағазының бірден бірнеше түрін пайдаланады. Себебі, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар.
Вафельді қағаз
Ең танымалы және қолжетімдісі – вафельді қағаз (немесе күріш-вафельді қағаз). Ас қағазының бұл түрі су, крахмал және өсімдік майынан жасалады. Әдетте, вафельді қағаздың дәмі болмайды. Сондықтан аспаздық тағамның дәмін өзгертпейді. Бұл қағаз түрі көп жағдайда ақ түсті, құрылымы үгітілген (пористый) болып келеді. Кей өндірушілер күңгірт (матовый) етіп те шығарады. Вафельді қағаздың қалыңдығы 4-7 мм болады. Қалыңдығы үлкен болған сайын қағаз сапасының жоғарылығын білдіреді. Басып шығарылғын вафельді қағаздар торттардың бетін безендіруге арналған. Кей аспаздар вафельді қағазға қант шәрбатын (глазурь) жағады. Сол кезде қағаздағы сурет анық көрінеді. Вафельді қағаз қолжетімді болғандықтан танымалдыққа ие. Алайда басқа ас қағаздарымен салыстырғанда сапасы төмен саналады.
Қантты қағаз
Қантты қағаздың құрамы басқа болғандықтан, басып шығару кезінде суреттердің түстері анық әрі ашық болады. Вафельді қағазға қарағанда қантты қағаздың дәмі тәттілеу. Қантты қағаздар жіңішке, алайда тығыздығы жоғары. Олар да ақ түсті немесе түссіз болады. Қантты қағаздың құрамына қант, аспаздық құрғақ сірне, су, пальмо ядролық майы, эмульгатор, аспаздық стабилизатор, целлюлоза кіреді.
Шокотрансфер
Кей аспаздар шокотрансферлі (Chocotransfer) қағаздарды қолданады. Олай аталу себебі қағаздағы суретті шоколадты негіздің үстіне ауыстыруға болатын арнайы жұқа қабықшасы бар. Дайын суреттері және өрнектері бар шокотрансферлі қағаздар базарда да сатылады. Сурет немесе өрнек шокотрансферлі қағазға түсірілген соң, қағазды суретін төмен қаратып, шоколадты тортқа қойылады. Мұндай жұмысты бөлме температурасында және ылғалдылығы жоғары емес жерде жасаған жөн. Шоколад кепкен соң, сурет торттың бетінде қалады. Шокотрансферлі қағазды ақ шоколадтың бетіне қолданған жақсы. Себебі, ақ шоколадта сурет анық көрінеді.
Төмендегі видеодан сурет басып шығарылған қантты қағазды тортқа қолдану жолын көре аласыздар.