Жаңа жылдық дастарқанды безендіру де әйелдер қауымы үшін үлкен мәселе. Жаңа жылда мерекелік көңіл күйге сай барлығы ерекше, барлығы өзгеше болғанын қалаймыз. Ол үшін шексіз қиял қажет. Ал біз мерекелік дастарқан әзірлеуге аздаған идея ұсынамыз.
Бананды ортасынан бөлеміз.
Жарты бөлігін тәрелкеге орналастырамыз.
Жүзімді де тәрелкеге ыңғайлы қойылатындай ортасынан кесеміз.
Жүзімді түсіне қарай дөңгеленте жайғастырамыз.
Бананға жүзім қабығынан көз бен ауыз және өз қабығынан құлақша жасаймыз. Жемістерден ұлу мүсінін жасадық.
Енді келесі кескінге кірісейік. Алмұртты қақ ортасынан бөлеміз.
Мандаринді қабығынан тазартып, талшықтарын аламыз.
Бананды орташа бөліктерге бөлеміз
Алмұртты тәрелкенің төменгі бөлігіне орналастырамыз.
Айналасына мандарин бөліктерін жаямыз.
Одан соң жүзім қоймыз.
Келесі кезекте – банан.
Банан ортасына және шетіне анар түйіршіктерін қоямыз.
Анар түйіршіктерінен "аяқ", көз бен ауыз жасаймыз.
Мерекелік жемістер сізге ұнады ма?