- Негізгі бет
- Аспаздық
- Жемістерді мерекеге сай...
Жемістерді мерекеге сай сәндеу #2
Жаңа жылдық дастарханды безендіру де әйел қауымы үшін үлкен мәселе. Жаңа жылда мерекелік көңіл-күйге сай барлығы ерекше болғанын қалаймыз. Ол үшін шексіз қиял қажет. Ал біз мерекелік дастархан әзірлеуге аздаған идея ұсынамыз.
Анарды тазартып аламыз.
Кивиді дөңгелек жіңішке етіп тураймыз.
Тәрелкеге жарты бананды қоямыз.
Тәрелкеге суретте көрсетілгендей кивиді орналастырамыз.
Тәрелкеге анарды қоямыз.
Киви дәнінен көз, жай ойып ауыз келтіріп сызамыз. Жемістерден жасалған көбелек дайын.
Бір алмұрт аламыз.
Алмұртты суретте көрсетілгендей етіп жартылай қабығын тазартамыз.
Жүзімді тіз тазалағыштарқа өткіземіз.
Жүзім өткізілген тіс тазалағыштарды алмұртқа бекітеміз.
Көзін жүзімнің дәнегінен, мұрнын жартылай кесілген жүзімнен жасаймыз. Жемістерден жасалған кірпі бейнесі дайын. Ас болсын!
Г. Берік