- Негізгі бет
- Аспаздық
- Жазғы салатты дайындаңыз...
Жазғы салатты дайындаңыз
Жаздың аптап ыстығында, тамақ жеуге де жасауға құлық танытпайтынымыз рас. Жеңіл салаттар жасап, көбірек сусын ішуді құп көреміз! Төмендегі әдіспен әзірленетін салат – өте тойымды. Әрі үнемі үйден табылатын азық-түлікті ғана қажет етеді.
Құрамы:
- 200гр ірімшік
- Тауық еті
- 2-3 қияр
- Батон нан
- Салат жапырақтары
- Көк пияз
- 3 ас қасық май
- 2 ас қасық сірке суы
- Сарымсақ
- Тұз
- Бұрыш
Салаттың дайындалуы:
Алдымен тауық етін пісіріп аламыз. Батон нанның ортаңғы жағын алып тураймыз. Туралған нанды табаға салып майсыз қуырамыз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз. Тауық етін сүйегінен ажыратып алып, майдалап тураймыз. Қиярды да үккіштен өткізіп, салат жапырақтарын бөліктерге бөлеміз. Көк пиязды турап аламыз. Барлық қоспаларды ыдысқа саламыз. Салатқа тұз, бұрыш, сарымсақ ұсақ етіп саламыз(үккіштен өткізсеңіз тіпті жақсы), өсімдік майын қосып араластырамыз. Қуырылған нанды ең соңынан немесе дастарханға қояр алдын қойсаңыз болады.
Асыңыз дәмді болсын!
Дәйеккөз: anabol.kz
Т. Есқали