Жаздың аптап ыстығында суық сорпаларды ішкенге не жетсін?! Бір шетінен денсаулыққа пайдалы болса, екіншіден, жылдам әзірленеді, үшіншіден, шөлімізді басады. Назарларыңызға қайнатуды қажет етпейтін сорпаларды ұсынамыз. Талғамыңызға қарай қалағанын таңдауыңызға болады.
«Тіл үйірген қызанақ» сорпасы
Құрамы:
- 250 г қызанақ;
- 2 тәтті бұрыш,
- 1 сәбіз;
- су;
- қалауыңызша тұз;
- 1-2 тіс сарымсақ;
- 1 ас қасық зәйтүн майы.
Дайындалуы:
Барлығын блендердің көмегімен араластырмыз. Ал зәйтүн майы мен сарымсақты қалауымызша қосамыз. Бетін көк шөппен әрлеуге болады.
"Сәбіз" крем-сорпасы
Құрамы:
- 220 г сәбіз;
- 100 г бадам;
- 550 г су;
- тұз бен сарымсақ;
- лимон шырыны.
Дайындалуы:
Бадамды 9-11 сағатқа суға салып қоямыз. Артынша жуып, блендердің көмегімен 2 минут майдалаймыз. Дәкенің көмегімен қоюын бөлек сүзіп аламыз. Бадам сүтіне бірнеше бөлікке бөлінген сәбізді, сарымсақ пен тұзды қосамыз. Қалауымызша лимон шырынын құюымызға болады. Барлығын блендерге салып, қайтадан майдалаймыз. Крем-сорпамыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!