Жаз ыстығында салқындататын сусындар

Жаз ыстығында салқындататын сусындар
Фото: xorst.ru

Құрамында бояу, газ бен қанты тым көп сусындарды сатып алудың орнына үй жағдайында пайдалы, дәмді әрі ыстықты басатын лимонад жасап үйреніңіз.

Классикалық лимонад

Ингредиенттер:

- 3 ірі лимон;
1 апельсин;
4-5 ас қасық қант;
700 мл су;
350 мл газдалған су.

Лимон мен апельсиннің қабығын аршып, шырынын сығып алыңыз. Барлық ингредиенттерді кәстрөлге салыңыз. 3 ас қасық қант қосып, үстінен су құйыңыз. Қоспаны 4-5 сағатқа тоңазытқышқа салып, салқындатыңыз. Сүзіп алып, қалған қант пен газдалған сумен араластырыңыз.

Таңқурай лимонады

Ингредиенттер:

1 стақан таңқурай;
1 лимон;
100 гр қант;
800 мл салқын су + сиропқа бөлек 200 мл су керек;
Мұз, жалбыз, таңқурай (безендіру үшін).

200 мл су мен қантты араластырып, сироп қайнатыңыз. Оттан алып, таңқурай қосып, езіңіз. Сиропты сүзіп алып, салқындатыңыз. Лимонды сығып, сиропқа қосыңыз. Қалған суды да құйып, араластырыңыз. Мұз, жалбыз бен жидекпен безендіріп, қонақтарыңызға ұсыныңыз.

Шие лимонады

Ингредиенттер:

1 ірі лимон;
2 орташа апельсин;
3-4 жалбыз бұтағы;
100 мл сироп;
Мұз;
Газдалған су.

Апельсиннің жартысы мен ¼ лимонды ұзын етіп кесіңіз. Жемістің қалғанынан шырынын сығып алыңыз. Құмыраға шырын мен сиропты құйып, жалбыз бен мұз қосыңыз. Газдалған суды құйып, араластырыңыз.

Жалбыз лимонады

Ингредиенттер:

250 мл су;
125 гр қант;
4-5 жалбыз бұтағы;
2 ірі апельсин;
1 ірі лимон;
1 л газдалған су.

Суға қант қосып, 5 минут бойы қайнатыңыз. Оттан алып, жалбыз қосып, қоспаны суытыңыз. Апельсин мен лимонды сығып, шырынын құмыраға құйып, суып тұрған сиропты қосыңыз. Жалбызды сүзіп алыңыз. Газдалған суды құйып, мұз салыңыз. Сусынды жақсылап араластырып, ішіңіз.

Шабдалы лимонады

Ингредиенттер:

3 орташа шабдалы;
2 лайм;
2 орташа лимон;
4-5 ас қасық қант;
1 л салқын су;
Мұз.

Шабдалының қабығы мен сүйегін алып, кесіңіз. Жұмсағын табаққа салып, лайм және лимонның шырынымен араластырыңыз. Қант қосып, сумен араластырыңыз. Блендердің көмегімен қоспа бір тұтас болады.

Ас болсын!

Ф. Абилова