- Негізгі бет
- Аспаздық
- Жаз — пикниктер...
Жаз — пикниктер маусымы
Жазда көп уақытты таза ауада өткізгіміз келеді. Демалыс күндері отбасыңызбен немесе достарыңызбен жақын жердегі саябаққа пикникке шығуға болады. Пикникке шығарда тек азық-түлік кәрзеңкесін ғана ойластырасыз. Ендеше, пикникке арналған пайдалы азық-түлік кәрзеңкесін қалай жинау керегін ұсынамыз.
Ең бірінші ойлау керек зат — су. Оны көп мөлшерде алу керек: ыстықта қатты шөлдейміз, ал біз шөлдеген кезде қарнымыз ашқандай сезім туады. Жеткілікті мөлшерде су ішу артық тамақтанудан және сусызданудан құтқарады.
Сонымен қатар, жасұныққа, ақуызға және өсімдік майларына бай тойымды тамақ алып шығуды ұсынамыз. Мұндай тамақ ұзаққа дейін тоқ жүруге көмектеседі, артық тамақтану мүмкіндігін азайтады және күш сыйлайды. Мысалы, жаңғақтар, тұтас дәнді наннан және тауық етінен жасалған сэндвичтер алып шығуға болады. Олар тойымды, дәмді және дене сымбаттылығына зиян келтірмейді.
Десертке жеміс-жидектер алған жөн. Ал печенье, шоколад және басқа да тәттілер қандағы қант деңгейінің кенет өзгеруіне және асқазанда ауырлық пайда болуына ықпал етеді.
Пикникте тамақты жеу ыңғайлы болу үшін оны канапе түрінде дайындап шығуға болады. Оның еш қиындығы жоқ. Бастысы, канапеге арналған таяқшаларды алып қойсаңыз болғаны. Оны тауық еті мен көкөністерден жасауға да, жеміс-жидектерден де дайындауға болады.
А. Жапатова