Жарнамаға тағамдарды қалай түсіреді? #2

Естеріңізде болса, "Жарнамаға тағамдарды қалай түсіреді?" материалында жарнаманың жасандылығын жазған едік. Жарнамашылардың бізді тағы қалай алдайтындығын осы материалымыздан оқи аласыздар.  

Көпшілік жағдайда жарнамадан көріп сатып алған заттарымызға көңіліміз толмай жатады. Мұның да өзіндік себептері бар. Ол себептер төмендегідей болуы мүмкін:

Жарнамашылар тағамдар жаңа піскендей болып көрінуі үшін арасына мақта шариктерді салып қояды. Олар бірнеше минут бойы тағамның арасынан бу шығарып тұрады.

Түрлері бірдей болғанмен, пюре ерімейтіндіктен балмұздақ жарнамаларында пайдаланылады. Оларды пайдаланбас бұрын түрлі түстерге бояп қояды.

Тағамдардың шетінде әдемі орналасатын қасықтар мен шанышқылардың да құпиясы бар. Олар тәрелкеге пластилиннің көмегімен жапсырылады.

Тәтті бәліштердің арасына алдымен қағаз салып, артынша үстіне крем жағады.

Көптеген жарнамаларда сүттің орнына ПВА желімді қолданады.

Жәндіктерді суретке түсірмес бұрын тоңазытқышқа салып қатырады. Қатқан жәндіктер тамаша суреттер жасауға мүмкіндік береді.

Сүтті жаңа құйылғандай етіп көрсету үшін сабын көпіріндісін пайдаланады.

Мына суретті түсіру үшін сіз ойлағандай тауықты күйдірмейді, бар болғаны аяқ киімге арналған май жағады.

Құймаққа арналған сиропты жиһаз жалтыратқыш құралдар алмастырады.

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru