- Негізгі бет
- Аспаздық
- Жапондар ерімейтін балмұздақ...
Жапондар ерімейтін балмұздақ ойлап тапты
Жапон зерттеушілері аптап ыстықта ерімейтін балмұздақ ойлап тапты. Ойлап тапқанда, кәдуілгі балмұздақтың құрамына полифенол қоспасын араластыру арқылы жаңалық ашқан.
Канадзава зерттеу университетінің мамандары ойлап тапқан балмұздақ елдің назарын ерекше аударуда. Ал оның құрамындағы полифенол қоспасы адам денсаулығына зиянды емес екен. Зерттеушілер бұл қоспаның құлпынайдан алынатынын айтып отыр. Яғни, полифенол балмұздақтың құрамын қатырып, ерімейтін қасиет береді екен.
Ерімейтін балмұздақ медициналық талаптарға сай деп танылуда. Жақын уақытта Жапониядағы дүкендерде сатыла бастауы бек мүмкін.
Ғаламтордағы ақпараттарға сүйенсек, жапондық бір тілші балмұздықты 5 минут ішінде +28 градуста ұстап, оның ерімегеніне көзі жеткізген. Балмұздақ +40 градусқа дейін оңайлықпен ерімейді екен.
Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын ұлыбританиялық ғалымдар да ерімейтін балмұздақ ойлап тапқандарын хабарлаған еді. Бірақ қалай жасағандарының құпиясын жарияламаған еді.
О. Сансызбай