- Негізгі бет
- Аспаздық
- Жанжабіл мен жүзім...
Жанжабіл мен жүзім қосылған глинтвейн
Глинтвейн — қыс мезгілінде бой жылытуға таптырмас сусын. Бұл ыстық сусынды үйде де дайындап тұтынуға болады.
Ингредиенттер:
- 1,5 л қызыл шарап;
- 3 апельсин;
- 15 қалампыр;
- 1 лимон;
- 5 ас қасық қант;
- 2 даршын таяқшасы (4-5 см);
- 5 см жанжабіл үзімі;
- 50 грамм жүзім керек.
Дайындалу жолы:
1. Бір апелсиньді толық қалдырып, қалған екеуін 4 бөлікке бөліңіз.
2. Лимонды да төрт бөлікке бөліп қойыңыз. Ал жанжабіл үзімін тазалап, екіге бөліңіз.
3. Апельсин қабығына қалампырларды қадап қойыңыз.
4. Оны кәстрөлге салып, оның үстіне апельсин бөліктерін, лимон, жанжабіл, жүзім, даршын секілді ингредиенттерді қосыңыз.
5. Кәстрөлді баяу жанып тұрған отқа қойыңыз. Жақсылап араластырыңыз, қант себуді ұмытпаңыз.
6. 70-80 градус температураға дейін қыздырып, араластырыңыз.
7. Шарапты қайнатудың қажеті жоқ. Буы көтеріле бастаған кезде бірден оттан алыңыз.
8. Бетін жауып, глинтвейнді 20-30 минутқа қалдырыңыз. Дайын болған соң оны жылуға шыдамды стақанға құйып ішіңіз.