Жаңажылдық мәзір: Наполеон торты

Жаңажылдық торт ерекше болуы шарт. Тойымды, дәмді Наполеон торты сіздің жаңажылдық дастарханыңыздың сәні болмақ.

Құрамы:

Қамыр:

сұйық май - 300гр; жұмыртқа - 2 дана; су - 150 мл; сірке суы - 1 ас қасық; тұз; ұн - 600-650 гр;

Крем:

сүт - 1 л; қант - 400 гр; ваниль қанты - 2 шәй қасық; жұмыртқа сарысы - 8 дана; ұн - 100 гр. Қамыр дайындаймыз. Жұмыртқаларды көпіршітіп араластырамыз. Тұз қосамыз. Суық суға сірке суын қосып, жұмыртқаға қосамыз. Суық майды үккіштен өткіземіз немесе пышақпен тураймыз.
Ұнға май қосып араластырамыз. Ұнға жұмыртқа ерітіндісін қосамыз. Араластырып, қамыр илейміз. Қамырды 10-12 бөлікке бөліп, дөңгелектер жасаймыз. Бетін жауып, тоңазытқышқа бір сағатқа саламыз. Уақыты өткеннен кейін қамырды жая бастаймыз. Оны диаметрі 25 см қылып кесіп аламыз. Содан соң 180 градусқа дейін қызған пеште 7-10 минут пісіреміз. Крем дайындаймыз. Сүтті қайнатамыз. Жұмыртқаның сарысына қант пен ванильді қант қосамыз. Оған ұн қосып, қайнаған сүтке қосамыз. Крем қоюланғанша араластырамыз. Піскен қамырларды суытып қойыңыз. Қамырға суыған кремді жағамыз. Қамырдың қалдықтарын блендермен үгітеміз. Тортты әрлеп, кремнің сіңуін күтеміз. Наполеон торты дайын. Асыңыз дәмді болсын. Дайындаған: Сания Аринова