Жаңажылдық торт ерекше болуы шарт. Тойымды, дәмді Наполеон торты сіздің жаңажылдық дастарханыңыздың сәні болмақ.
| Құрамы: Қамыр:
Крем:
| |
| Қамыр дайындаймыз. Жұмыртқаларды көпіршітіп араластырамыз. Тұз қосамыз. | |
| Суық суға сірке суын қосып, жұмыртқаға қосамыз. | |
| Суық майды үккіштен өткіземіз немесе пышақпен тураймыз. | |
| Ұнға май қосып араластырамыз. | |
| Ұнға жұмыртқа ерітіндісін қосамыз. | |
| Араластырып, қамыр илейміз. | |
| Қамырды 10-12 бөлікке бөліп, дөңгелектер жасаймыз. Бетін жауып, тоңазытқышқа бір сағатқа саламыз. | |
| Уақыты өткеннен кейін қамырды жая бастаймыз. | |
| Оны диаметрі 25 см қылып кесіп аламыз. Содан соң 180 градусқа дейін қызған пеште 7-10 минут пісіреміз. | |
| Крем дайындаймыз. Сүтті қайнатамыз. | |
| Жұмыртқаның сарысына қант пен ванильді қант қосамыз. | |
| Оған ұн қосып, қайнаған сүтке қосамыз. Крем қоюланғанша араластырамыз. | |
| Піскен қамырларды суытып қойыңыз. | |
| Қамырға суыған кремді жағамыз. | |
| Қамырдың қалдықтарын блендермен үгітеміз. | |
| Тортты әрлеп, кремнің сіңуін күтеміз. | |
| Наполеон торты дайын. Асыңыз дәмді болсын. | |
| Дайындаған: Сания Аринова |